Қазан 9, 2026
ДДҰ мен ҚДИАҒО өкілдері АИТВ-ның алдын алу саласындағы алдағы ынтымақтастықты талқыладыАлматыда Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Роза Қуанышбекова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Қазақстандағы Елдік кеңсесінің басшысы Dr. Skender Syla және ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының инфекциялық аурулар жөніндегі бөлімінің (АИТВ, вирустық гепатиттер және ЖЖБИ) басшысы Stela Bivol-мен кездесті. ДДҰ өкілдері Қазақстанның АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық көмекті ұйымдастырудағы елеулі жетістіктерін атап өтіп, еліміз осы санаттағы пациенттер үшін диагностиканың, ретровирусқа қарсы терапияның және медициналық қолдаудың қолжетімділігін қамтамасыз етуде аймақтағы озық тәсілдердің бірін көрсетіп отырғанын айтты. Кездесуде АИТВ-ның алдын алу, ерте анықтау, диагностикалау және емдеу бағытындағы ынтымақтастықтың 2026–2027 жылдарға арналған басым бағыттары талқыланды.
толығырақ »