Желтоқсан 3, 2025

«Өмір маңызды: әрекет ету уақыты»
«Өмір маңызды: әрекет ету уақыты»
Талдықорған медициналық колледжі «Авиценна» базасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Өмір маңызды: әрекет ету уақыты» байқау өтті. Іс-шара «Қиындықтардан – өзгерістерге: АИТВ-ға жауап ретінде» ұранымен өткізілді. толығырақ »

Желтоқсан 3, 2025

Ашық есік күні Алматы қаласының ЖИТС орталығында өтті
Ашық есік күні Алматы қаласының ЖИТС орталығында өтті
Алматы қалалық ЖИТС орталығы 2 желтоқсанда «АИТВ-ге қарсы әрекетте: қиындықтардан – өзгерістерге» ұранымен өтіп жатқан Дүниежүзілік ақпараттық науқан аясында қала тұрғындарын Ашық есік күніне шақырды. толығырақ »

Желтоқсан 2, 2025

Спорт және денсаулық: Ақтөбеде хоккейшілер АИТВ-ға жедел тестілеуден өтті
Спорт және денсаулық: Ақтөбеде хоккейшілер АИТВ-ға жедел тестілеуден өтті
  "Олимп" спорт кешенінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай әуесқой хоккей клубының (ӘХК) қатысушылары үшін АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша профилактикалық акция өтті. Іс-шара спортшылардың АИТВ туралы хабардарлығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін нығайтуға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған. толығырақ »

Желтоқсан 2, 2025

АИТВ инфекциясын алдын алу бойынша «Ашық есік күндері» өтті
АИТВ инфекциясын алдын алу бойынша «Ашық есік күндері» өтті
Әр жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай, Алматы облысының ЖИТС орталығы мамандары Қонаев қаласы, Жамбыл және Ұйғыр аудандарында ауқымды «Ашық есік күндерін» ұйымдастырды. толығырақ »

Желтоқсан 2, 2025

Талғар ауданындағы волейбол жарысы өтті
Талғар ауданындағы волейбол жарысы өтті
Алматы облысының Талғар қаласындағы Абай атындағы №3 орта мектебінде 9–11 сынып оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті. Спортқа қызығушылығы жоғары оқушы қыздарды біріктірген бұл шара аудандық спорттық бастамалардың жарқын оқиғасына айналды. толығырақ »

Желтоқсан 2, 2025

Жезқазған қаласында «Мен АИТВ-сыз өмірді таңдаймын!» флешмоб байқауы.
Жезқазған қаласында «Мен АИТВ-сыз өмірді таңдаймын!» флешмоб байқауы.
2025 жылдың 28 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Ұлытау ауданының ЖИТС орталығы облыс оқушылары арасында флешмоб сайысын өткізді. Байқау Ұлытау өңіріндегі облыстық әмбебап кітапханасының мәжіліс залында өтті. толығырақ »

Желтоқсан 2, 2025

Петропавл теміржол вокзалында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция
Петропавл теміржол вокзалында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция
Бүгін, 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Петропавл теміржол вокзалында ақпараттық-профилактикалық акция өтті. толығырақ »

Желтоқсан 2, 2025

Жастарымыз АИТВ-ға қарсы: диалог, шығармашылық, қолдау
Жастарымыз АИТВ-ға қарсы: диалог, шығармашылық, қолдау
Қарағанды облыстық ЖИТС орталығы, «Доверие» ҮЕҰ және Қазақстанның Халық партиясымен бірлесіп жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған жарқын— «ВИЧеринка» шара ұйымдастырды. Акцияның мақсаты — жастардың ВИЧ-инфекцияның алдын алу туралы білімін арттыру және ВИЧ-пен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарас қалыптастыру. толығырақ »

Желтоқсан 1, 2025

Жасөспірімдердің денсаулығы – ұлттың болашағы
Жасөспірімдердің денсаулығы – ұлттың болашағы
2025 жылдың 24-28 қарашасы аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні науқаны аясында Шымкент политехникалық колледжінде «Жастар денсаулығы – ұлт болашағы!» апталығы өтті. Апталық барысында бірінші курс студенттері «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан трансформацияға дейін» тақырыбында өткізілген дәрістер мен тренингтерге қатысты. Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мамандары М.Г. Моисеева, Д.Ж. Кутмамбетова және Д.А. Ибайдуллаева АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды алдын алу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті, салауатты өмір салтын және жас ұрпақ үшін моральдық-этикалық және жыныстық тәрбиенің маңыздылығын талқылады. Дәрістер барысында студенттердің сұрақтарына жауап берілді, бейнероликтер көрсетілді, сауалнамалар мен интерактивті ойындар өткізілді.  Іс-шараның мақсаты балаларға ақпарат пен білімді дұрыс пайдалана білудің және жауапкершіліктің қаншалықты маңызды екенін көрсету. Кездесу барысында М.Моисеева: «Әрбір адамның денсаулығы – бақуатты өмірдің негізі. Болашақ ұрпақтың денсаулығы мен өмір сүру сапасы жастардың денсаулығына байланысты. Сіздер, жас ұрпақ өкілдері ретінде, еліміздің демографиялық және интеллектуалдық әлеуеті болып табыласыздар, ал біздің болашағымыз сіздердің денсаулығыңызға байланысты», - деп жастарды салауатты өмір сүруге талпындырды.  Студенттер өз кезегінде АИТВ-ның алдын алу мәселелерін шешу бойынша өз пікірлері мен көзқарастарын білдірді. 351-топтың бірінші курс студенті Айқын: «Бүгін бізде АИТВ, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы дәріс болды. Дәріс өте танымды және маңызды болды. ЖИТС орталығының маманы материалды өте анық түсіндірді, нақты мысалдар келтірді және біздің барлық сұрақтарымызға ешқандай сын айтпай жауап берді, біздей жастарға уақтылы берген кеңестері үшін ризашылығымды білдіремін» - деді. 952-топтың бірінші курс студенті Максим: «Дәрістер өте пайдалы, ақпараттар қолжетімді және түсінікті болды. Маман АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жайында мәліметтер беріп, денсаулыққа қамқорлықпен және жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы сұрақтарға жауап берді.  Нәтижесі біз күтпеген өте қызықты ойындар ойналды. Ақпарат үшін рақмет». толығырақ »

Желтоқсан 1, 2025

Көкшетауда  ЖИТС-пен  күрес күніне арналған іс-шара өтті
Көкшетауда ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шара өтті
Ақмола облысында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар циклі аяқталуда. Ақпараттық науқанның шарықтау шегі 2025 жылдың 1 желтоқсанында Көкшетау мәдениет сарайында облыс орталығынан шамамен 600 мектеп оқушысын, колледж студенттерін және жоғары оқу орындарының студенттерін жинаған дәстүрлі жастар іс-шарасы болды. ЖИТС-пен күрестің басты символы - қызыл лента, бұл күні қатысушылардың көпшілігінің киімдерін безендірді. Жастар ресми бағдарлама басталмай тұрып-ақ іс-шараға белсенді қатысты: кейбіреулері импровизацияланған «қолдау жүрегіне» АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға жылы сөздер мен тілектер қалдырды, ал басқалары ақпараттық материалдарды зерттеп, бір-бірімен АИТВ-инфекциясы туралы маңызды фактілерді талқылады. Сарай фойесінде кез келген адам өзінің мәртебесін білу үшін АИТВ-ға жедел тест тапсыра алды. Бұл мүмкіндікті 30-дан астам адам пайдаланды. Іс-шараның негізгі бөлігі концерттік қойылымдар мен АИТВ туралы ақпараттық бөлімнен тұрды. Орталықтың бас дәрігерінің орынбасары- Курманбек Бурмаганов құттықтау сөз сөйледі. Ол жастарға белсенділіктері үшін алғыс айтып, стереотиптермен күресудің маңыздылығын атап өтті және мұндай іс-шаралар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті. Айта кетсек, акцияға "KOKSHE" телеарнасының редакторы - Сания Идрисова, Астрахан ауданының АИТВ-инфекциясы бойынша жауапты дәрігері - Анастасия Афанасьева, "Panacea Clinic" ЖШС жастар денсаулық орталығы,  атындағы азаматтық қорғау академиясы, "Арман" балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы және облыстық психикалық денсаулық орталығының әлеуметтік оңалту бөлімшесі алғыс хаттармен марапатталды. Естеріңізге сала кетейік, 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өңірде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлық өтуде. Оның негізгі мақсаты-халықтың назарын АИТВ-инфекциясының таралу проблемасына аудару, хабардарлық деңгейін арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін нығайту. толығырақ »