Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы

ҚДИАҒО мамандарына сұрақ қойыңыз

Біздің сайт беттерінде Сіз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ШЖҚ РМК «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» қызметінің негізгі бағыттарымен таныса аласыз, АИТВ-инфекциясы, кең таралған дерматологиялық аурулар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы ақпарат ала аласыз.

Бұл жерде сіз өз өтінішіңізді қалдыра аласыз.

Біз оған «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 заңда белгіленген мерзімде міндетті түрде жауап береміз.

Сіздің сұрақтарыңызға жауап алуды тездету үшін, мәселенің мәнін нақты және толық баяндауды сұраймыз. Сұрақ қою алдында блог материалдарынан жауап іздеген жөн. Сіздің сұрағыңызға жауап бар болуы мүмкін,және сіз қажетті ақпаратты оңай аласыз.

Өтініш, диагнозды сұрақ аясында тарауларының бірі:

  • диагностика — қайда тексеруден өту, қандай мерзімде, тексеру нәтижесін қалай түсіндіру керек;
  • диспансеризация және медициналық көмек-қашан, кім тағайындайды, ауру белгілері;
  • алдын алу — АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу мәселелері бойынша кеңес беру.

Өтініш этика нормалары мен жазу ережелеріне сәйкес модерацияға ұшырауы мүмкін және осыдан кейін ғана жариялануы мүмкін. Сіздің сұрағыңызға жауап дайындалғаннан кейін сайтта жарияланады.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ШЖҚ РМК «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы»

Құрметті пациенттер:

  • Егер сізге сапасыз медициналық көмек көрсетілсе,
  • Егер сіз медициналық персонал тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз,
  • Егер сізде орталық қызметкерлерінің құқыққа қарсы әрекеттері туралы мәлімет болса,
  • Егер сізде басқа себептер болса, келесі телефондарға жұмыс күндері сағат 08-00-ден бастап сағат 17-00-ге дейін хабарласуларыңызды сұраймыз.

+ 7 (727) 397-42-06 дерматология мәселелері бойынша.

Жауапты: пациенттерді қолдау және медициналық қызмет сапасын бақылау қызметінің маманы Таубаева Айнур Абимуллаевна

+ 7 (727) 397-41-90 АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету мәселелері бойынша .

Жауапты: дәрігер Өтегенова Әлия Қазиевна

Сұрақ

АИТВ инфекциясына тестті тегін тапсыруға бола ма?

Жауап

АИТВ-ға тестті тегін негізде тіркеу орны бойынша емханада немесе АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында тапсыруға болады

 

 

Сұрақ

Сіздердің орталықтарыңызда псориазды фототерапиямен емдеу жүргізіледі ме?

Жауап

Біздің орталықта псориазды фототерапия әдісімен емдеу жүргізіледі (терінің ультракүлгін сәулеленуі). Мұны істеу үшін Сіз дерматологтың қабылдауына барып, физиоемге жолдама алуыңыз керек. Тікелей кезек тәртібімен қабылдау 9.00 - ден 17.00-ге дейін. Мекенжайы: Райымбек даңғылы, 60.

 

 

Сұрақ

Дерматоскопия бойынша онлайн режимінде оқуға бола ма?

Жауап

Дерматовенерологтар мен дерматокосметологтарға, соның ішінде онлайн режимінде оқыту 2023 жылдың наурыз айында өтеді. Оқу құны: 60 сағат - 60 мың теңге, 120 сағат -120 мың теңге.

 

Сұрақтар бар ма? Сұраңыздар

Байсеркин Бауыржан Сатжанұлы
Бас директоры

Здравствуйте, уважаемый посетитель сайта! 

На страницах нашего сайта Вы можете познакомиться с основными направлениями деятельности РГП на ПХВ "Казахский научный центр дерматологии и инфекционных заболеваний" Министерства здравоохранения Республики Казахстан, получить информацию о ВИЧ-инфекции, наиболее распространенных дерматологических заболеваниях, инфекциях, передающихся половым путем.

Здесь Вы можете оставить свое обращение  
Мы обязательно на него ответим в сроки, установленные  законом "О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц" от 12 января 2007 г. № 221.

Для того чтобы ускорить получение ответов на Ваши вопросы, убедительно просим излагать суть вопроса четко и подробно. Прежде чем задать вопрос, следует поискать ответ в материалах блога. Вполне возможно, что ответ на Ваш вопрос уже имеется, и Вы легко получите необходимую информацию.

Обращение может быть подвергнуто модерации согласно нормам этики и правилам правописания, и только после этого опубликовано

Толтырылуы міндетті ұяшықтар жұлдызшамен * белгіленген
Кездейсоқ сан
Төрт таңбалы сан еңгiзiңiз

Шілде 7, 2026
қалай запись істеуге болады? именно дермотологу по псориазу
Здравствуйте! Прием дерматолога на платной основе ведется без записи в порядке живой очереди с 8.00 до 17.00. Для получения консультации в рамках ОСМС необходимо направление с поликлиники по месту прикрепления, где будет указана дата и время приема.

Маусым 2, 2026
Дерматоонкологқа жазылу керек (дерматоскопия жасау үшін). 3 жасынан көздің үстінде қабағында қал бар, қазір 39 жаста, қал өсіп жатыр.
Сәлеметсіз бе! Дерматолог дәрігердің кеңесін алу үшін біздің орталыққа келуіңіз қажет. Алдын ала жазылу қарастырылмаған. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.

Мамыр 12, 2026
Балалар трихологы бар ма?
Сәлеметсіз бе! Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығында балалардың шашы мен бас терісі аурулары бойынша дәрігер-дерматологтар қабылдайды. Ем мен консультацияны ақылы түрде, сондай-ақ тіркелген емханадан жолдама алсаңыз, МӘМС арқылы да алуға болады.

Сәуір 6, 2026
Кызылординский областной кожно-венерологический диспансер наукастын шагымы, анамнез, терi процессiнiн удемелi - рецидивтiлiне, жургизилген емнiн натижесiздiгне байланысты Сiздин орталыкка жолдау
Сәлеметсіз бе! Егер сізде сақтандыру мәртебесі болса, сіз Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының стационарлық бөлімінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша ем ала аласыз. Біздің орталығымызда ауруханаға жатқызу бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымының және/немесе денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және/немесе міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жоспарланады. Жоспарлы ауруханаға жатқызу үшін жолдама беруші медициналық ұйым Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР-ДСМ-27 «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығының 5-қосымшасына (жалпы сынақтар) сәйкес клиникалық диагностикалық зерттеулер (зертханалық, аспаптық және функционалдық, мамандандырылған мамандармен консультациялар) жүргізеді. Ауруханаға жатқызу бюросы порталында тіркелгеннен кейін аурухана ауруханаға жатқызу күнін белгілейді. Одан әрі диагностикалық және емдеу тактикасы стационарлық бөлімде анықталады.

Наурыз 5, 2026
Инфекцияонист керек кандагы эхинакок паразит шыгара алатын
Қайырлы күн! Иммуноферменттік талдау (ИФА) әдісімен эхинококк инфекциясына жауап ретінде иммундық жүйе өндіретін айрықша антиденелерді анықтауға болады. IgG антиденелері, әдетте, жұқтырғаннан кейін 6-8 аптаның ішінде қанның құрамында анықталады. Өкінішке орай, ҚДжИАҒО зертханасында бұл зерттеу жасалмайды.

Желтоқсан 19, 2025
Жақсы дерматолог дәрігерді ұсыныңызшы
Сәлеметсіз бе, Зинаида! Біздің орталықтағы барлық дерматолог дәрігерлер консультативті-диагностикалық бөлімде үлкен тәжірибеге ие. Пациенттерді қабылдау ақылы түрде, сондай-ақ ОСМС аясында жүргізіледі. Кеңес алу үшін сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін келіңіз, алдын ала жазылу қажет емес, қабылдау кезекпен жүргізіледі. Біздің мекенжайымыз: Алматы қ., Райымбек проспектісі, 60.

Желтоқсан 18, 2025
Оқыту қанша тұрады?
Сәлеметсіз бе, Гүлзада! Біздің орталықта қандай мамандық бойынша оқуды жоспарлап отырғаныңызды бізге жазыңызшы, өтінеміз.

Желтоқсан 8, 2025
Хронический крапивница аутоиммунный тиреоидит емдей аласыздарма
Салеметсізбе! Созымалы есекжем аутоимунный тиреоидит диагнозымен аллерголог-иммунолог дэрігерлеріне қаралған жөн.

Қараша 28, 2025
Сәлеметсіз бе. Через квота арқылы баруға болады ма? Атырау облысынан
Сәлеметсіз бе! Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығында стационарлық емделуге квота алу үшін Сізге тіркелген жердегі емханаға учаскелік дәрігерге жүгіну қажет. Дерматолог маманнан кеңес алып, талдауларды тапсырғаннан соң емдеуге жатқызу қажеттілігі туралы шешім қабылданады. Сіз туралы деректер «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына енгізіледі, содан соң «Жоспарлы емдеуге жатқызуға талоны» беріледі. Белгіленген күні мен уақытында талонмен және барлық медициналық құжаттармен Алматы қ., пр. Райымбек көшесі, 50 мекенжайына келіңіз.

Қараша 12, 2025
Приёмга жазылайын деп едим
Саламатсыз ба! Алдын ала жазылу жүргізілмейді. Қабылдау кезекпен 8.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі. Демалыс күндері – сенбі, жексенбі.