Қараша 20, 2025

Алматы жастарына арналған ВИЧ-кеші
Алматы жастарына арналған ВИЧ-кеші
Бұл ВИЧ-кеші тек қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы да болды. Евразиялық технологиялық университетінің студенттері АИТВ-тің алдын алу шараларын алғаш рет интерактивті форматта үйренді. Іс-шараның ұйымдастырушылары — ҚДСҰО, TeenergizerQZ халықаралық жастар қозғалысы және Алматы қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы. Олар жастарыға ресми лекция емес, еркін форматтағы, ашық және сенімді диалог арқылы нақты жауап берудің маңыздылығын көрсетті. 19 қараша күні қатысушылар пікір алмасты, ойын ойнады, сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар ұтып алды. Медициналық мамандар өткізген Kahoot ойыны арқылы студенттер білімдерін бекітіп, жеңімпаздар анықталды. Сонымен қатар, АИТВ-ке экспресс-тестілеу мен міндетті түрде кеңес беру жүргізілді. Қатысушылар АИТВ-мен өмір сүріп жатқан Салават Қобжәлеловке алғысын білдірді. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, АИТВ-тің алдын алу жолдары туралы шынайы және маңызды ақпаратпен бөлісті. Студенттер мұндай шаралар АИТВ туралы ақпараттануды арттырып, жастарды тест тапсыруға ынталандыратынын және АИТВ-пен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітуді азайтуға көмектесетінін атап өтті. Көптеген жастар “тең-теңімен” форматындағы әңгімелесудің құндылығын ерекше атап өтті. Шынайы өмірлік оқиғаларды тыңдау, жеке сұрақтар қою және күрделі жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсіну жастарға сенімділік сыйлады. Бұл тәсіл АИТВ туралы мифтерді жоюға және дұрыс көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді. толығырақ »

Қараша 20, 2025

ШҚО: ондаған тұрғындар шопинг үстінде экспресс-тесттен өтті
ШҚО: ондаған тұрғындар шопинг үстінде экспресс-тесттен өтті
Шығыс Қазақстан облысында «Император» сауда орталығында ЖИТС-пен күрес жөніндегі дүниежүзілік күнге орай «Өз мәртебеңді біл» акциясы ұйымдастырылды. Шараны ШҚО ЖИТС орталығы НПО Answer-мен бірлесіп өткізіп, сауда орталығына келген тұрғындардың назарын бірден өзіне аудартты. Сауда үйінің холлында мамандар АИТВ-ға жедел экспресс-тестілеу жүргізіп, сондай-ақ жеке кеңес беру жұмыстарын өткізді. Қатысушылар АИТВ жұғу жолдары, алдын алу, ерте анықтаудың маңыздылығы туралы толық әрі сенімді ақпарат алды. Көптеген тұрғындар акция туралы әлеуметтік желілерден біліп арнайы келсе, енді біреулері сатып алу үшін келген сәтте холлда өтіп жатқан шараны көріп қатысуға шешім қабылдаған. Ашық форматтағы және қолжетімді акция кез келген адамға кезексіз, жазылусыз тест тапсыруға мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар қоғамда қалыптасқан қате түсініктерді жойып, ағарту жұмысын күшейтетініне және тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал ететініне сенімді. толығырақ »

Қараша 20, 2025

Еңбек ұжымдары арасында АИТВ мен ЖЖБИ-дің алдын алу бойынша семинарлар өткізілді
Еңбек ұжымдары арасында АИТВ мен ЖЖБИ-дің алдын алу бойынша семинарлар өткізілді
ЖИТС-пен күресудің Бүкілдүниежүзілік күніне арналған кампания және ақпараттық-ағарту жұмыстары аясында Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы бірқатар ұйымдарда АИТВ инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша оқыту семинарларын өткізді. Қамтылған қызметкерлер саны: «Отан Green Food» ЖШС (құс фабрикасы) — 700 адам, Шонжы ауылы «АзияГаз» ЖШС — 41 адам, «Халық банкi» АҚ Шонжы ауылындағы бөлімшесі — 21 адам, «Қазақтелеком» АҚ, Шонжы — 47 адам, «Қазпошта» АҚ, Ұйғыр аудандық пошта торабы — 71 адам, Ұйғыр аудандық полиция басқармасы — 82 адам. Кездесулер барысында мамандар АИТВ-ның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып, ауруға қатысты кең таралған қате түсініктерді жойды, уақтылы тестілеудің және қауіпсіз мінез-құлықтың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ құпиялылық қағидаттары, кемсітушілікке жол бермеу және АИТВ-пен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарас қалыптастыру мәселелері қозғалды. Семинарлардың жеке бөлімі АИТВ-ны диагностикалаудың және емдеудің заманауи мүмкіндіктеріне арналды. Мамандар инфекцияны ерте анықтау адамның толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретінін, ал антиретровирустық терапия вирустық жүктемені анықталмайтын деңгейге дейін төмендетіп, АИТВ-ның жыныстық жолмен жұғу қаупін жоятындығын түсіндірді. Қатысушыларға тұрақты түрде тестілеудің және ЖЖБИ белгілері байқалған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы еске салынды. Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің хабардарлығын арттыруға, еңбек ұжымдарында денсаулық мәдениетін нығайтуға және АИТВ мен ЖЖБИ-дың таралу қаупін төмендетуге ықпал етеді. толығырақ »

Қараша 19, 2025

«Қиындықтардан – өзгерістерге: АИТВ-ға жауап ретінде» ұранымен  Жетісу жастарының талқылау тақырыбы болды
«Қиындықтардан – өзгерістерге: АИТВ-ға жауап ретінде» ұранымен Жетісу жастарының талқылау тақырыбы болды
«Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Облыстық АИТВ алдын алу орталығы» МКК жастар арасында «Қиындықтардан – өзгерістерге: АИТВ-ға жауап ретінде» ұранымен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты – жастарды АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу әдістері, тұрақты тестілеудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы хабардарлығын арттыру болды. Қатысушыларға АИТВ пен ЖИТС-тің айырмашылығы түсіндірілді және қазіргі заманғы емдеудің арқасында АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдар толыққанды және белсенді өмір сүре алатыны айтылды. Дөңгелек үстел барысында орталық мамандары АИТВ инфекциясының таралу жолдарын жан-жақты түсіндіріп, кең тараған мифтерді жоққа шығарды және вирус тұрмыста берілмейтінін атап өтті. Арнайы назарды алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық және АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті төмендету мәселелеріне аударылды. Дөңгелек үстелге  ШЖҚ «Қалалық емхана №1» МКК салауатты өмір салты бөлімінің маманы, ШЖҚ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКК нарколог дәрігері және үкіметтік емес ұйымның ЖШС «Талдықорған аймақтық  еңбекке орналастыруға жәрдем көрсету қоры» қоғамдық қорының өкілі қатысты. Әрбір қатысушы талқылауға өз үлесін қосты, кәсіби ұсыныстарымен және жастармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Орталық мамандары қазіргі кезде өзгерістердің басталып кеткенін атап өтті: жаңа алдын алу бағдарламалары енгізілуде, тегін тестілеу мүмкіндіктері кеңейтілуде, жастарға кеңес беру жетілдірілуде, ақпараттық науқандар ашық әрі қолжетімді болуда. Іс-шара ашық диалогты дамытуға, хабардарлық деңгейін арттыруға және жастардың АИТВ инфекциясын алдын алу – әр адамның жауапкершілігі екендігін түсінуіне септігін тигізді. толығырақ »

Қараша 19, 2025

Ұйғыр ауданындағы жастар форумы: АИТВ алдын алу және денсаулық – басты назарда
Ұйғыр ауданындағы жастар форумы: АИТВ алдын алу және денсаулық – басты назарда
Алматы облысының Ұйғыр ауданында жастар арасында АИТВ туралы ақпараттылықты арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауқымды форум өтті. Іс-шара 2025 жылғы 18 қарашада «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге!» республикалық кампаниясы аясында ұйымдастырылды. Форумның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге АИТВ-инфекция жайлы объективті әрі шынайы түсінік беру, зиянды әдеттердің алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру. толығырақ »

Қараша 18, 2025

Ақсай ауылында АИТВ-ның алдын-алу шаралары күшейіп, халықтың ақпараттандырылуы артуда
Ақсай ауылында АИТВ-ның алдын-алу шаралары күшейіп, халықтың ақпараттандырылуы артуда
2025 жылдың 18 қарашасында Ақсай ауылының БМСК орталығы базасында Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары ЖДО дәрігері Т.Секебаевамен бірлесіп көшпелі шара өткізді. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында ұйымдастырылды. Бұл дата АИТВ инфекциясының алдын алу, ерте тестілеу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманың болмауының маңызын еске салады. толығырақ »

Қараша 18, 2025

"Өз таңдауыңды жаса!" акциясы Түркістанда өтті
10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін елімізде "АИТВ-ға қарсы қиындықтардан - тиімді өзгерістерге" ақпараттық науқаны өтуде. Акция 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ұйымдастырылды және жұртшылықтың назарын АИТВ-инфекциясының алдын алу, емдеу және стигма мен кемсітушілікті төмендету мәселелеріне аударуға бағытталған. Түркістан облысындағы науқан аясында арнайы оқу орындарының студенттері үшін " Өз таңдауыңды жаса!" акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты-жастар арасында АИТВ-инфекциясының таралуын азайту және салауатты өмір салтын насихаттау. Кездесуге 300-ден астам белсенді жастар қатысты. Шара барысында олардың қызығушылығы мен сұрақтары жастардың бұл тақырыпқа бей-жай қарамайтындығын көрсетті. Түркістан облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Меруерт Атамбаева жастарға денсаулықтың құндылығы мен жеке жауапкершіліктің маңыздылығы туралы айтып берді: - Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жастар кез-келген мәселеге жеке жауапкершілікпен қарауы керек. Кездесуде өз пікірлерін ашық айтқан студенттер осындай іс-шараларды одан әрі бірлесіп өткізу туралы ұсыныс білдірді. Бұл шара жастарға өз өміріне жауапкершілікпен қараудың және АИТВ-инфекциясынан қорғаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.   толығырақ »

Қараша 18, 2025

Түркістанда 2000-нан астам жоғары сынып оқушылары АИТВ туралы ақпарат алды
Түркістанда 2000-нан астам жоғары сынып оқушылары АИТВ туралы ақпарат алды
Түркістан облысының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Дүниежүзілік АИТВ-ға қарсы күрес күніне орай өткізілетін ақпараттық науқан аясында Түркістан облысының мектеп оқушыларына тренинг өткізді. Іс-шарада сенімді және достастық жағдайда мамандар салауатты өмір салтын жүргізудің маңыздылығы, өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығына қамқорлық жасау туралы айтып берді. Викторина форматында оқушылар АИТВ жұқтыру жолдары мен қорғау шаралары туралы сұрақтарға жауап берді. Дәрігерлер оқушылардың қате пікірлері мен дәлсіз болжамдарын түзетіп, оларды егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушыларға АИТВ-ға тестілеудің маңыздылығын айтып өтті. Сонымен қатар дәрігерлер инфекцияны ерте анықтау көптеген жылдар бойы денсаулық пен өмір сапасын сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мамандар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту қажеттілігін атап өтіп, жасөспірімдерді бұл диагнозға қарамастан әр адамға төзімділік, өзара түсіністік және құрмет көрсетуге шақырды. толығырақ »

Қараша 18, 2025

Жастар және денсаулық: «Туран» колледжінің студенттері АИТВ-нің алдын алу туралы көбірек білді
Жастар және денсаулық: «Туран» колледжінің студенттері АИТВ-нің алдын алу туралы көбірек білді
2025 жылғы 18 қарашада «Туран» колледжінің 120 студенті АИТВ-нің алдын алу бойынша интерактивті дәріске қатысты. толығырақ »

Қараша 17, 2025

Денсаулық командасында бол!
Денсаулық командасында бол!
Өткен демалыс күндері Эстетикалық бағыттағы гимназияның спорт залында мектептердің педагогикалық ұжымдары арасында волейболдан турнирі өтті. Іс-шара БҚО АИТВ орталығының және жеке кәсіпкер «Бисенғалиев» үкіметтік емес ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті және ол Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанына арналды. Турнир АИТВ-ның алдын алу мәселелеріне назар аудартуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және педагогикалық ортада корпоративтік өзара іс-қимылды дамытуға бағытталды. Ойын басталар алдында эпидемиолог-дәрігер А.Ашигалиева қатысушылардың алдында сөз алып, жоспарланған іс-шаралар туралы және биылғы жылдың «Қиындықтардан - АИТВ-ға қарсы әрекеттегі өзгерістерге» ұранын түсіндіріп өтті. Жарысқа № 37, 4, 16, 33 мектептері, Серебряково және Эстетикалық бағыттағы гимназия командалары қатысты. Әр команда жоғары бірлік, спорттық көңіл-күй және жеңіске деген талпынысын көрсетті. Турнир жылы әрі достық атмосферада өтті: педагогтар ұпай үшін ғана емес, бір-бірін қолдап, белсенді өмірлік ұстанымның үлгісін көрсетті. Тартысты да әсерлі матчтардың қорытындысы бойынша №37 орта мектебі жеңімпаз атанды. Барлық қатысушылар грамоталармен, кубоктармен марапатталып, салауатты өмір салтын ілгерілетуге қосқан үлестері үшін ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдірілді. толығырақ »