Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қараша 25, 2026
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Ақтөбеде «Денсаулық қадамы» атты ақпараттық-спорттық науқан өтті.
21 қараша күні Ақтөбе қаласындағы Триатлон саябағында Ақтөбе облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары мен аутрич қызметкерлерінің, «Наша жизнь» қоғамдық қорының аутрич қызметкерлерінің және «Болашақ мұра» қоғамдық қоры қызметкерлерінің қатысуымен «Денсаулық қадамы» атты ақпараттық-спорттық акция ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру, АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелеріне қоғам назарын аудару және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Науқан барысында қатысушылар ортақ таңғы жаттығу жасап, саябақ аумағында серуендеп, белсенді қимыл-қозғалыс арқылы денсаулықты нығайтуға бағытталған қадамдар жасады. Сонымен қатар іс-шара қатысушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, ортақ мақсат жолында бірігуіне мүмкіндік берді.
Іс-шараға қатысушылардың бірі өз әсерімен бөлісті:
– «Мұндай шаралар адамдарды салауатты өмір салтына ынталандырып қана қоймай, денсаулықтың қадірін түсінуге көмектеседі. Бірге жаттығу жасап, таза ауада серуендеу – жақсы көңіл күй мен белсенді өмір салтының тамаша үйлесімі. Ең бастысы, біз денсаулықты сақтау ортақ жауапкершілік екенін тағы бір мәрте сезіндік», – деп атап өтті акция қатысушысы Талғат.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай ақпараттық-спорттық іс-шаралар халықтың денсаулық мәселелеріне деген қызығушылығын арттыруға, АИТВ инфекциясының алдын алу туралы хабардарлығын кеңейтуге және қоғамда қолдау мен ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Денсаулық – баға жетпес байлық!
Өз денсаулығыңа қамқорлық жасау – болашаққа жасалған маңызды қадам. Салауатты өмір салтын бірге қалыптастырайық!