Сәуір 27, 2026
АИТВ-ны ерте анықтау: Астанада пилоттық жоба іске қосылдыАстанада 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастамасымен АИТВ инфекциясын ерте анықтауға бағытталған пилоттық жоба іске асырылуда. Жоба алғаш рет енгізіліп отыр және кеш анықтау жағдайларын азайтуға, тестілеудің қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ медициналық ұйымдардың АИТВ-ны ерте сатыда анықтаудағы рөлін күшейтуге бағытталған. Мамандардың айтуынша, АИТВ-ның кеш анықталуы әлі де тіркеліп отыр, бұл емдеудің күрделенуіне, науқастардың өмір сапасының төмендеуіне және инфекцияның әрі қарай таралу қаупінің артуына әкеледі. Ал дер кезіндегі диагностика терапияны уақтылы бастауға және болжамды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
толығырақ »
Сәуір 21, 2026
АЛМАТЫДА АИТВ САЛАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫАлматы қаласында Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мен Жаһандық қор бірлесіп ұйымдастырған «Өмір үшін бірлік» атты диалог алаңында сарапшылар АИТВ инфекциясының профилактикасы, диагностикалау және емдеу шараларын, сондай-ақ қызметтерге қолжетімділікті кеңейту мәселелерін талқылады.
толығырақ »
Сәуір 7, 2026
Дерматовенеролог күнімен!Құрметті дерматовенеролог- дәрігерлер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз терең білімді ғана емес, орасан мейірімділікті де қажет етеді. Өміріңізде «ащы» сәттердің аз болуын, әр күннің пациенттердің сауығуымен басталатын қуанышты әкелуін тілейміз. Үйлеріңізде әрдайым жайлылық пен махаббат орнасын! Сіздерге мықты денсаулық, кәсіби жетістіктер мен бақыт тілеймін!
толығырақ »