Қараша 27, 2025

Ерте анықталса – тиімді: Алматы облысы аудандарында жүргізілген жылжымалы АИТВ тестілеу акциялары
Ерте анықталса – тиімді: Алматы облысы аудандарында жүргізілген жылжымалы АИТВ тестілеу акциялары
2025 жылдың 25–26 қараша айында Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Іле ауданының Қосөзен және Қарой ауылдарында, сондай-ақ «Талғар ОАА» ШЖҚ МКК ересектер емханасында «Ашық есік күні» форматындағы жылжымалы іс-шаралар өткізді. Акция Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлық аясында ұйымдастырылды. толығырақ »

Қараша 26, 2025

Астана қаласында АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелеріне арналған rонференция өтті
Астана қаласында АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелеріне арналған rонференция өтті
ЖИТС-пен күрес жөніндегі дүниежүзілік науқан аясында Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының таралуын төмендету, диагностика сапасын арттыру, жаңа тәсілдерді, стандарттарды талқылау және медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл бойынша кешенді шараларға арналған «Қазіргі жағдайда АИТВ-инфекциясының таралуының өзекті мәселелері» атты конференция өтті. Конференцияны ашылу кезінде мамандар талқыланатын мәселелердің өзектілігін атап өтті: «АИТВ-ны белсенді анықтау, терапияны уақтылы тағайындау және оның тиімділігін бақылау - инфекцияның тұрақты төмендетуге қол жеткізудің негізгі шарттары», - деп атап өтті АИТВ- инфекциясының алдын алу орталығы директорының орынбасары С.Б. Мусина. Қатысушыларға АИТВ-инфекциясының тенденциялары мен эпидемиологиясы, тексеруге көрсеткіштер, медицина қызметкерлері үшін қауіптер және төтенше жағдайлар үлгілері ұсынылды. Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі Б. Қ. Құлтанова клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру сапасының мониторингі кейбір МСАК ұйымдарында АИТВ-ға тексерумен анықтаудың жеткіліксіз қамтылғанын атап өтті. «Жаңа жағдайлардың көпшілігі ауруханаға жатқызу кезінде анықталады. Біз МСАК деңгейінде клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеруге назар аударуымыз керек, өйткені ерте диагностика емдеудің болжамы мен тиімділігіне тікелей әсер етеді», - деп атап өтті ол. Емдеу-профилактикалық бөлімінің меңгерушісі Г. Т. Шаяхметова АРТ және қатар жүретін аурулары бар АӨСА-дың жүргізу принциптері, егде жастағы топтағы пациенттерді жүргізу ерекшеліктері, С вирустық гепатитін емдеуге жіберілетін пациенттің бағыты туралы айтып берді. Қатысушылардың пікірінше, мұндай іс-шаралар мамандар арасында тәжірибе алмасуға, кәсіби біліммен бөлісуге, практикалық қызметтегі мүмкін олқылықтарды бірлесіп анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.   толығырақ »

Қараша 26, 2025

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай әйелдер колониясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай әйелдер колониясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды
Алматы облысының Жауғашты ауылында орналасқан №10 әйелдер колониясында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған концерттік бағдарлама өтті. Іс-шараның мақсаты – тергеуде ұсталушылардың АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жөніндегі ақпараттандырылу деңгейін арттыру, алдын алу шаралары туралы білімдерін нығайту, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарас қалыптастыру болды. толығырақ »

Қараша 26, 2025

Түркістан тұрғындары «АИТВ-ға қарыс қиндықтардан – тиімді өзгерістерге» науқанына қолдау білдірді
Түркістан тұрғындары «АИТВ-ға қарыс қиндықтардан – тиімді өзгерістерге» науқанына қолдау білдірді
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында Түркістан қаласында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қала тұрғындары мен қонақтары үшін «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» атты автошеру  өткізді. Жыл сайын 1 желтоқсанда бүкіл әлемде ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күн қоғамның АИТВ-ның таралуына қарсы тұру мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталған іс-қимылдарға шақыру ретінде қызмет етеді. АИТВ орталығының мамандары халықтың заманауи емдеу әдістері туралы хабардарлығын арттырудың маңыздылығын, олардың АИТВ-мәртебесін білудің маңыздылығын және уақтылы тестілеуді атап өтті. «Стигма мен қорқыныш әлі де адамдарға тестілеуге жүгінуге кедергі келтіреді. Біздің міндетіміз - өз АИТВ статусын білу оңай, қауіпсіз және әркім үшін маңызды екенін көрсету. Өзінің ВИЧ-статусын білу адамға профилактикалық шараларды әрі қарай сақтауға, ал нәтижесі оң болған жағдайда ерте және тиімді емді бастауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті эпидемиолог дәрігер Еркин Есалиев. Автошеру аясында  қала тұрғындары мен қонақтары  АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін және жасырын өтіп, қысқа мерзімде нәтиже ала алатыны және  АИТВ-инфекциясына байланысты мәселелер бойынша мамандардан кеңес ала алатындығы жайлы ақпарат алды. Қала тұрғындарының бірі өз әсерімен бөлісті: «Бұндай ақпараттық шаралардың халыққа берер нәтижесі көп деп ойлаймын.Себебі әрбір азамат өз мәртебесін анықтау үшін орталықтың қызметіне жүгінері сөзсіз» - деді ол.  толығырақ »

Қараша 26, 2025

Астана әуежайының жолаушылары мен қызметкерлері үшін АИТВ-ға жедел тестілеу
Астана әуежайының жолаушылары мен қызметкерлері үшін АИТВ-ға жедел тестілеу
Астана қаласының халықаралық әуежайында 50 адам АИТВ-ға тексерілді. АИТВ инфекциясы орталығының дәрігерлері елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жедел тестілеу акциясын өткізді, сондай-ақ «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» Дүниежүзілік науқан аясында инфекциясының алдын алу шаралары туралы айтты. Іс-шара барысында мамандар алдын алу негіздерін, вирустың берілу жолдарын еске салып, тұрақты тексерулердің маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға инфекцияны уақтылы анықтау емдеуді ерте бастауға және өмір сапасын сақтауға мүмкіндік беретінін түсіндірді. Тілек білдірушілер диалогқа белсенді қатысып, диагностиканың заманауи әдістері, емдеу және АИТВ-мен байланысты кең таралған мифтер туралы сұрақтар қойды. Дәрігерлер қандай жағдайлар қауіп төндірмейтінін егжей-тегжейлі түсіндіріп, қаладағы тегін және құпия тестілеудің қолжетімділігін еске салды. Акция қорытындысы бойынша әуежай қызметкерлері мен жолаушылары мүмкіндікті пайдаланып, дәл сол жерде АИТВ-ға жедел тестілеуден өтіп, мамандардан кеңес алды. #ТоқтаАИТВkz#АстанаАИТВорталығы# толығырақ »

Қараша 26, 2025

АИТВ тестілеуге мотивация беру бойынша Шымкент қаласында тренинг өтті
АИТВ тестілеуге мотивация беру бойынша Шымкент қаласында тренинг өтті
ЖИТС, туберкулёз және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың «Негізгі топтар арасында АИТВ тестілеу және алдын алу қызметтерінің тұрақтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың емге бейімділігін арттыру» жобасы аясында 19–20 қараша күндері Шымкент қаласында негізгі топтардың өкілдерін АИТВ тестілеуге тартудан  Social Network Strategy (SNS) әлеуметтік байланыстар әдісін қолдана отырып екі күндік тренинг өтті. Оқытуға Жаһандық қор гранты іске асырылатын өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдары мен АИТВ профилактикасы орталықтарының мамандары қатысты. «Community Friend» ҚҚ қызметкерлері Алматы қаласындағы тиімді тәжірибесімен бөлісті. 2024 жылдың шілдесінен 2025 жылдың қарашасына дейінгі кезеңде аталған ҮЕҰ базасында негізгі топтардың 37 өкілінен АИТВ бойынша экспресс-тест арқылы оң нәтиже анықталды. SNS әдісін қолдану негізгі топтарды тиімді тартуға, жаңа АИТВ жағдайларын анықтау көрсеткішін арттыруға және Қазақстандағы алдын алу жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл қауымдастықтармен тұрақты байланыс орнатуға, тестілеуге кедергілерді азайтуға және ұлттық АИТВ-ға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Тренинг барысында қатысушылар әдісті басқа өңірлерде енгізу үшін практикалық тапсырмалар мен рөлдік ойындар арқылы SNS әдісін қолданудың тәжірибелік дағдыларын меңгерді. толығырақ »

Қараша 25, 2025

Түркістанда жастар Вичеринкасы өтті
Түркістанда жастар Вичеринкасы өтті
Түркістан облысы АИТВ орталығының мамандары жастармен ЮНЭЙДС ұранымен "АИТВ-ға қарсы қиындықтардан – тиімді өзгерістерге "Вичеринкасын өткізді. Іс-шараға 150-ден астам жас ұлдар  мен қыздар қатысты. Шарада медицина қызметкерлері АИТВ жұқтыру жолдары мен қорғау шаралары туралы ақпарат берді. Талқылау барысында денсаулыққа қатысты түрлі тақырыптар қозғалды. Атап айтқанда  салауатты өмір салтының артықшылықтары және жеке жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы.  толығырақ »

Қараша 25, 2025

Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында АИТВ алдын алу тақырыбындағы сурет байқауы өтті
Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында АИТВ алдын алу тақырыбындағы сурет байқауы өтті
Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ұйымдастырылған Кампания аясында, Есік қаласындағы «Облыстық арнайы мектеп-интернат №1» КММ базасында ағартушылық шара өткізді. Іс-шара аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында АИТВ-ның алдын алу тақырыбында шығармашылық сурет байқауы және АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық семинар өтті. толығырақ »

Қараша 25, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінде ДДСҰ-ның «Қиындықтардан — АИТВ-ға қарсы әрекеттегі өзгерістерге» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінде ДДСҰ-ның «Қиындықтардан — АИТВ-ға қарсы әрекеттегі өзгерістерге» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінде ДДСҰ-ның «Қиындықтардан — АИТВ-ға қарсы әрекеттегі өзгерістерге» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция өтті. толығырақ »

Қараша 24, 2025

Қостанай қаласында волейболдан қалалық турнир
Қостанай қаласында волейболдан қалалық турнир
2025 жылғы 22 қарашада Қостанай қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған науқан аясында медициналық қызметкерлер арасында волейболдан турнир өтті. Қалалық турнирге медициналық ұйымдардың дәрігерлері, медбикелері, фельдшерлері және басқа да денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері қатысты. Олар алаңға тек спорттық жеңіс үшін ғана емес, сонымен қатар барлығына еске салу үшін шықты: денсаулық, қолдау және білім — бұл біздің ортақ күшіміз. Турнирге 10 команда қатысты. Бұл қаланың әртүрлі ауруханалары мен емханаларының қызметкерлері, жедел жәрдем станциясының қызметкерлері, медициналық колледж оқытушылары, сондай-ақ ЖИТС-тің алдын алу және күрес орталығының командасы. Олар осы күні бірігіп, мынаны көрсетті: біз тек емдемейміз — біз бірге, біз күштіміз, біз бір-бірімізді қолдаймыз. Турнир барысында арнайы ақпараттық стендтер мен консультациялық аймақтар жұмыс істеді. Қалаушылар ВИЧ дегеніміз не, ол қалай жұғатыны және қалай жұқпайтыны туралы ақпарат ала алды, тегін және конфиденциалды экспресс-тестілеуден өте алды, қоғамда әлі де кездесетін мифтерді жоққа шығарды. Турнирдің соңында Ж. Демеев — ЖИТС-тің алдын алу және күрес орталығының уақытша бас дәрігері, қатысушыларға алғыс айтып: «Көптеген адамдар сұрайды: неге дәл волейбол? Себебі бұл командалық ойын, мұнда әр ойыншы маңызды, өзара көмек пен сенімсіз жеңіске жету мүмкін емес. ВИЧ-пен жұмыс істеу де осындай: бұл мәселені жеке шеше алмайсың. Мұнда команда қажет — дәрігерлер, психологтар, қоғамдық ұйымдар және, әрине, өз денсаулығына қамқорлық жасауға дайын адамдар. Спорт — белсенді өмір, денсаулық, қозғалу, араласу, қоғамның бөлігі болу туралы. Міне, дәл осы бізге ұзақ және бақытты өмір сүруге көмектеседі», — деді. толығырақ »