Қараша 11, 2025

Футболдан облыстық турнир өтті
Футболдан облыстық турнир өтті
Бүкілдүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Тараз-Арена» спорт кешенінде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен облыстық ашық футбол турнирі ұйымдастырылды. Мақсаты – жастар арасында АИТВ-инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы ауруларды алдын алу мәдениетін қалыптастыру, қоғамның ақпараттану деңгейін көтеру, денсаулыққа жауапты көзқарасты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, турнир жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға, бұқаралық спортты дамытуға бағытталды. Турнир барысында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары қатысушылар мен ниет білдірген студенттерге АИТВ инфекциясына жедел тестілеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге, мамандар жастарға АИТВ-ның алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы кеңес беріп, ақпараттық жадынамалар таратты. Турнир Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастыруымен, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы және «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен өтті. Сайысқа облыстың әртүрлі колледждерінен келген студенттерден құралған командалар қатысты. Әр команда 10 ойыншыдан тұрып, ойындар халықаралық стандарттарға сәйкес өткізілді. Турнир барысында қатысушылар арасында спорттық рух пен өзара ынтымақтастық қалыптасты. Жүлделі I, II және III орын алған командалар арнайы кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Облыстық турнир жастардың спортқа қызығушылығын арттырып қана қоймай, қоғамда АИТВ инфекциясын  алдын алу мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершілікті өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосты.     толығырақ »

Қараша 11, 2025

Петропавлдағы әлеуметтік педагогтар мен психологтарға арналған семинар
Петропавлдағы әлеуметтік педагогтар мен психологтарға арналған семинар
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Петропавл қаласы мектептерінің әлеуметтік педагогтары мен психологтарына арналған семинар өтті. «АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық» ШЖҚ КМК директоры Мамадияр Байғұлов пен «Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Дамир Әбдиннің жетекшілігімен іс-шара ұйымдастырылды. Спикерлер арасында сөз сөйледі: - Оксана Симухина, облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының маманы; - Әсия Шәріпова, облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі дерматовенеролог-дәрігері; - Дамир Абдин, Жастар ресурстық орталығының директоры; - Сания Жақан, кекушинкай каратэ бойынша жаттықтырушы-нұсқаушы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа және Қазақстан чемпионы; - Гүлнұр Бекебаева, жастар денсаулық орталығы директорының м. а.; - Наталья Качалкина, психологиялық қолдау орталығының директоры; - Анастасия Свиридова, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор. Семинар барысында қатысушылар жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ-ның алдын алу мәселелерін, психологиялық тұрақтылық пен салауатты өмір салтының маңыздылығын, сондай-ақ спорттың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастырудағы рөлін талқылады. Кекушинкай каратэ жаттықтырушысы Сания Жақан спортпен шұғылдану жас ұрпаққа күш пен төзімділікті ғана емес, ішкі тәртіпті қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті: «Бала спортпен шұғылданғанда, ол тек төзімділікке ғана емес, сонымен қаттар эмоцияларды басқаруды, мақсат қоюды, қиындықтарды жеңуді үйренеді. Бұл қасиеттер жаман әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға көмектеседі. Біз, жаттықтырушылар, тәрбиешілер мен психологтар, өзімізге және айналамыздағыларға қамқорлық жасауды білетін ұрпақты тәрбиелеудің бір маңызды миссиясын бірге атқарамыз. Егер әрқайсымыз өз үлесімізді қоссақ-сөзбен, өнегемен немесе іс — әрекетпен — біз қоғамдағы денсаулыққа деген көзқарасымызды өзгерте аламыз», - деді ол. Семинар жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған кампания аясында өтті. Кездесудің негізгі мақсаты-өскелең ұрпақтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру ісінде жастармен жұмыс істейтін мамандардың күш-жігерін біріктіру. толығырақ »

Қараша 10, 2025

Болашақты бірге құру
Болашақты бірге құру
2025 жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында Абай облысында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне (1 желтоқсан) «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ақпараттық науқан басталады. Науқан ұраны қоғамның алдын алу жүйесін нығайтуға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және АИТВ-ны жою жөніндегі нысаналы индикаторларға қол жеткізуге ұмтылысын көрсетеді. Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен АИТВ алдын алу жөніндегі орталығы өткізген науқан аясында аймақтағы медициналық ұйымдар мен білім беру мекемелері үкіметтік емес ұйымдарды, жастарды және негізгі халық топтарын тарта отырып, АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған кең ауқымды іс-шаралар жоспарланды. Барлық бастамалар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ интернет-кеңістікте - сайттар мен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланатын болады. Басты шаралардың бірі 2025 жылғы 21 қарашада А. Бөкейханов атындағы университетте өтетін «ВИЧ ерінка» интерактивті жастар іс-шарасы болады. Тікелей диалог форматында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылайды, АИТВ туралы аңыздарды жояды, тестілеу мәдениеті мен АИТВ-мен өмір сүретін жасөспірімдер мен жастардың қолдау идеяларын ілгерілетеді. Сонымен қатар, Семей медициналық университетінде аймақтағы АИТВ алдын алу және төзімділікті нығайтуға арналған студенттер форумы өтеді. Науқан аясында Аймақтық АИТВ алдын алу орталығында және медициналық ұйымдарда, мектептерде, университеттерде, колледждерде және әскери бөлімдерде ашық есік күндерін, дәрістерді, медициналық колледждегі үкіметтік емес ұйымдармен дөңгелек үстел отырысын және БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізеді. Қатысушылар әлеуметтік желілерде бөлісетін ақпараттар, фотосуреттер мен бейнероликтердің арқасында облыс тұрғындары болып жатқан оқиғалар туралы түсінік алып, жеке әңгімелерімен, оң мысалдарымен және АИТВ-ны азайтудағы нақты қадамдар мен шабыттана, жергілікті жерлерден нақты әрекетке көшеді. Облыс тұрғындарын науқан іс-шараларына белсенді қатысуға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімді қарым-қатынас қалыптастыруға және алдын алу идеяларын қолдауға шақырамыз! толығырақ »

Қараша 10, 2025

Шымкентте  ем қабылдайтын АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалардың 90%-да вирустық жүктеменің  басылуына қол жеткізілді
Шымкентте ем қабылдайтын АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалардың 90%-да вирустық жүктеменің басылуына қол жеткізілді
Биыл 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні, Дүниежүзілік науқан аясында 10 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан  – тиімді өзгерістерге» ұранымен өтеді. Шымкент қаласының ЖИТС орталығында 1974 науқас диспансерлік есепте тұрады, оның 1944 антиретровирустық ем алады, олардың 90%-ы вирустық супрессияға қол жеткізілген. Емдеу қазіргі заманғы препараттарды қолдана отырып, кешенде жүргізіледі. 2025 жылғы сәуірден бастап ЖИТС орталығында жаңа технология бойынша өндірілетін «Рилпивирин, Тенофовира алафенамид, Эмтрицитабин» препараты пайдаланылады, ол тіпті ұзақ уақыт қолданғанда да жоғары тиімділігімен, төмен уыттылығымен және жағымсыз құбылыстардың аз санымен ерекшеленеді. Зертханалық практикаға зерттеудің жаңа әдістерін енгізу клиникалық диагностиканы және емдеу тиімділігіне мониторингті айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді. АИТВ-инфекциясын диагностикалаудың жаңа әдісі - өзін-өзі тексеру сәтті қолданылуда. Енді АИТВ жұқтыру қаупі жоғары адамдар өздерінің АИТВ-мәртебесін, клиникаларға бармай-ақ,  20 минут ішінде жедел-тест арқылы біле алады. Халықтың негізгі топтары қатарындағы адамдарға жанасуға  дейінгі профилактика жүргізіледі - бұл АИТВ-ның таралуын болдырмау үшін ретровирусқа қарсы терапия, оны бүгінгі күні 1217 адам алады ЖИТС орталығының бас дәрігері Б.Сырбек: "Бүгінде біз АИТВ проблемаларын шешуге тиімді өзгерістер енгізудеміз. Атап айтқанда, ретровирусқа қарсы терапияға қолжетімділікті кеңейту АИТВ-мен байланысты аурушаңдық пен өлім-жітімнің төмендеуіне алып келді.  Антиретровирустық терапияны енгізу АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толыққанды, салауатты өмір сүруге және өз өмірінің сапасын едәуір жақсартуға көмектесті. Өткізілетін іс-шаралар жүкті әйелдердің АИТВ-инфекциясын уақтылы анықтауға және көптеген жағдайларда инфекцияны жұқтырудың вертикальді жолын болдырмауға мүмкіндік берді. Атқарылып жатқан іс-шаралар жүкті әйелдерде АИТВ-ны дер кезінде анықтауға және көп жағдайда инфекцияның анадан балаға берілуіне жол бермеуге көмектесті. Шымкентте бүгінге дейін АИТВ індетін жұқтырған әйелдерден дені сау 619 сәби дүниеге келді. Сондай-ақ келешек жас ұрпақтардың саулықтарына бағытталған алдын алу шаралары мен жалпы ақпараттандыру жұмыстары күшейтілді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жасөспірімдер мен жастарға қолдау көрсететін, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға және психологиялық әл-ауқатты нығайтуға көмектесетін  9 «Жастар денсаулық орталығы» (ЖДО)  жұмыс істеуде. Біз, ЖДО-мен бірлесе жастарды жыныстық және репродуктивті денсаулық және психологиялық салауаттылық мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру, жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды алдын алуға, денсаулықты сақтау көзқарастары мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал етудеміз Біз мұның бәрін АИТВ мәселесіне лайықты жауап деп санаймыз»-деп, пікірін білдірді.  толығырақ »

Қараша 10, 2025

Алматы  АИТВ-ң анадан балаға берілудің нөлдік көрсеткіштеріне қол жеткізді
Алматы АИТВ-ң анадан балаға берілудің нөлдік көрсеткіштеріне қол жеткізді
Бұл маңызды көрсеткіш жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелер арасында медицина қызметкерлері іске асыратын АИТВ-ның алдын алу шараларының тиімділігін растайды. АИТВ-ның тік (анадан балаға) берілуінің алдын алу медицина қызметкерлеріне вирусты тиімді бақылауға, ал АИТВ — мен ауыратын әйелдерге сау бала тууға мүмкіндік береді. Қазақстанда әйелдер консультацияларында есепте тұрған барлық жүкті әйелдерге екі рет жоспарлы тестілеу өткізіледі. Бұл АИТВ-инфекциясын ерте анықтауға және емдеуді уақтылы бастауға мүмкіндік береді. Алматы қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Марат Төкеевтің айтуынша, «Алматыда АИТВ-мен ауыратын барлық жүкті әйелдер мен жаңа туған  сәбилер профилактикалық еммен толық қамтылған. Дәрігердің ұсыныстарын қатаң сақтай отырып, балаға вирустың берілу қаупі нөлге дейін азаяды». Төмен вирустық жүктеме кезінде әйел өздігінен босануы мүмкін, ал жоғары жүктеме кезінде кесарь тілігі тағайындалады. Бала туылғаннан кейін бірден шырын (сироп) түрінде профилактикалық ем тағайындалады. Бала 1,5 - 2 жасқа дейінгі ЖИТС орталығының мамандарының бақылауында болады және бірінші жылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында тегін сүт қоспаларымен қамтамасыз етіледі. Осы уақыт ішінде АИТВ-ға бірнеше тексерулер жүргізіледі. Егер 18 айға дейін барлық нәтижелер теріс болып қала берсе, бала есептен шығарылады-бұл оның денінің саулығын ресми түрде растайды. 2025 жылдың басынан бастап АИТВ-мен перинаталдық байланысы бар 66 бала «дені сау» диагнозымен есептен шығарылды. Сарапшылар сонымен қатар жүкті әйелдердің антиретровирустық терапияға деген ұмтылысының артқанын атап өтті. Бұған инфекционист, педиатр, гинеколог, психолог, учаскелік медбике және әлеуметтік қызметкердің қатысуымен мобильді бригадалардың жұмысын қамтитын көпсалалы тәсілді енгізу ықпал етеді. Антиретровирустық терапияның заманауи режимдерін — күніне бір рет қабылданатын белгіленген дозаларда біріктірілген препараттарды қолдану да маңызды рөл атқарды. 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Алматыда АИТВ-ның алдын алу туралы хабардарлықты арттыруға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманы төмендетуге бағытталған науқандар, дөңгелек үстелдер, флешмобтар және ағарту іс-шаралары өтеді. Науқан аясында «Сын - қатерлерден-АИТВ-ға жауап берудегі өзгерістерге» ұранымен спорттық іс-шаралардың көрермендері, ұйымдар қызметкерлері мен студенттер үшін АИТВ-ға жедел тестілеумен науқандар өткізілетін болады. Сондай — ақ, АИТВ туралы мифтерді жою және АИТВ-мен өмір сүретін жасөспірімдер мен жастарды қолдау үшін жанды диалог форматында «ВИЧеринка» интерактивті жастар іс-шарасы өтеді. АИТВ — мен өмір сүретін адамдар үшін арнайы мамандармен: дерматолог, маммолог, фтизиатр және онкологпен кеңесу ұйымдастырылады. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында 21 қарашада «Ашық есік күні» өтеді, онда әрбір адам дәрігерлерден кеңес алып, АИТВ-ға тексеруден өте алады. толығырақ »

Қараша 10, 2025

Жамбыл облысында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен науқан басталды
Жамбыл облысында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен науқан басталды
Жыл сайын Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде біздің республикамыздың өңірлерінде де ауқымды ақпараттық-ағартушылық және алдын алу іс-шаралары дәстүрлі түрде өткізіледі.Биылғы жылы науқан 10 қарашадан 10 желтоқсан аралығында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен өтеді. Науқан аясында Жамбыл облысында түрлі форматтағы кездесулер, форумдар, интерактивті кездесулер, тақырыптық дөңгелек үстелдер, сондай-ақ колледж студенттері арасында волейбол және футболдан облыстық турнирлер, дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылатын болады. Мұндай іс-шаралар жастардың белсенділігін арттыруға, АИТВ инфекциясының алдын алу мәдениетін қалыптастыруға және салауатты өмір салтына бейілділікті дамытуға ықпал етеді. Науқанның негізгі мақсаты – АИТВ-инфекциясының, ЖЖБИ мен басқа да аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, халықтың хабардар болу деңгейін арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау көзқарасын дамыту, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Жамбыл облысында науқанның ресми ашылуы 10 қараша күні облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының конференц-залында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен басталды. Іс-шара барысында өңірлік телеарналар мен БАҚ өкілдері, өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды. Конференция барысында Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Калметова орталықтың қызметі, өңірдегі АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, қол жеткізілген нәтижелер және алдағы жоспарлар туралы ақпарат ұсынды. Сондай-ақ орталықтың ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі О.Абдикеримова және мобильді тобының эпидемилог дәрігері С.Дулатбаева АИТВ мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, жасөспірімдердің психикалық және репродуктивтік денсаулығын сақтау, сондай-ақ жеке жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Бүгінде Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Қазіргі заманғы емдеу әдістері науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға және инфекцияның одан әрі таралу қаупін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Орталық мамандары жыл бойы халықтың АИТВ туралы хабардарлығын арттыруға, ерте тестілеу идеяларын ілгерілетуге, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті алдын алуға бағытталған ақпараттық-ағартушылық және алдын алу іс-шараларын жүйелі түрде өткізіп келеді. толығырақ »

Қараша 10, 2025

Ақтөбе өңірінде АИТВ-инфекциясын емдеу тиімді жүргізіліп келеді
Ақтөбе өңірінде АИТВ-инфекциясын емдеу тиімді жүргізіліп келеді
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында (1 желтоқсан) Ақтөбе облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ЮНЭЙДС "95-95-95" стратегиясының жаһандық мақсаттарына қол жеткізу бойынша жұмысты қорытындылайды. Бұл стратегия 2030 жылға қарай АИТВ-инфекциясын тоқтатуға бағытталған, бұл АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 95% - ы өздерінің мәртебесін білгенде, олардың 95% - ы антиретровирустық терапияны (арнайы вирусқа қарсы ем) қабылдағанда және емделетін адамдардың 95% - да вирустық жүктеме басылғанда мүмкін болады. Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында емдеудің қамтуы мен тиімділігі жаһандық мақсаттарға жетіп, 93%-ды құрады. "Біз антиретровирустық терапияның шынымен де тиімді екенін көріп отырмыз. Емделушілеріміздің көпшілігі толыққанды өмір сүріп, отбасын құрып, жұмыс жасап, бала тәрбиелеп отыр. Бұл тек медициналық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қолдаудың да нәтижесі" - деп атап өтті Ақтөбе облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының басшысы Айгүл Дүйсенбаева. Оң динамикаға тестілеумен қамтуды үнемі кеңейту және заманауи емдеу режимдеріне тегін қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы қол жеткізілді. Өңірде денсаулық сақтау мекемелерімен және білім басқармасымен, полиция департаментімен, қылмыстық-атқару жүйесімен, үкіметтік емес ұйымдармен және жастар денсаулық орталықтарымен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде ҚР-да 2023-2026 жылдарға арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың Жол картасында көзделген іс-шаралар белсенді іске асырылуда. "Облыстың әрбір тұрғыны АИТВ-инфекциясы қарапайым алдын алу шараларын сақтау арқылы алдын алуға болатын созылмалы ауру екенін білуі керек. Егер бұл іске аспаса, қазіргі емдеу әдістері адам ағзасындағы вирустық жүктеме деңгейін бақылауға және оның басқа адамдарға берілуіне жол бермейді. Емдеудің сәттілігі диагностиканың уақтылығына және терапияның басталуына байланысты" - деп атап өтті облыстық АИТВ орталығы басшысының орынбасары Анна Каспирова. 10 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған науқан басталады, ол биылғы жылы "АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге" ұранымен өткізіледі. Облыста жастар мен жасөспірімдер арасында осы күнге арналған көптеген профилактикалық және ақпараттық-білім беру іс-шаралары (тренингтер, эсселер мен диктанттар конкурстары, медиа тұлғалармен кездесулер, флеш-мобтар, квиз, автошеру және басқа да нысандар) өтеді. Халықтың бос уақытын өткізу орындарында және сауда-ойын-сауық орталықтарында АИТВ-ға анонимді тестілеумен және АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мәселелері бойынша мамандардың консультацияларымен акциялар өткізілетін болады. Барлық іс-шараларды облыстық АИТВ орталығы түрлі мемлекеттік ұйымдармен, қоғамдық ұйымдармен ("Наша жизнь" ҚҚ, "Болашақ мұра" ҚҚ, "ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамдары" ҚБ АОФ, "Qoldau event" ЖҚ еріктілер ұйымдарымен (KazMSA, Y-PEER Kazakhstan), жастар денсаулық орталықтарымен (қалалық № 2, 6, 7 емханаларда және БҚМУ жанындағы ОМО) бірлесіп өткізеді. Ақтөбе облысында ағымдағы жылдың 10 айында Қазақстан азаматтары арасынан АИТВ-инфекциясының 48 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9-ға аз. Облыста АИТВ – ның берілуінің негізгі жолы-жыныстық (жыл басынан бері анықталғандардың 90%). Жыл басынан бері анықталғандардың көпшілігі ер адамдар (38 адам). Мамандар еске салады: облыс емханалары жанындағы АИТВ орталығында және жастар денсаулық орталықтарында тегін және құпия тестілеуден өтуге болады. толығырақ »

Қараша 10, 2025

Алматы облысында АИТВ инфекциясының алдын алу науқаны басталды
Алматы облысында АИТВ инфекциясының алдын алу науқаны басталды
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары еңбек ұжымдары мен әскери қызметшілер арасында дәрістер мен кездесу өткізуде. Кампания Алматы облысының ең шалғай аймақтарынан — Райымбек және Кеген аудандарынан басталды. Қарашаның басында Алматы облысы, Райымбек ауданының Нарынқол ауылы мен оған жақын елді мекендерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дәрістер аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, №12 өрт сөндіру бөлімі, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының бөлімшесі, пошта байланыс торабы, «АЖК Энергосбыт» акционерлік қоғамының филиалы, сондай-ақ «Qarasaz Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне арналды. Барлығы 270-тен астам қызметкер қамтылды. Әскери бөлімдермен жұмысқа да айрықша назар аударылды: дәрістер Райымбек аудандық полиция басқармасында, №97617 әскери бөлімінде, сондай-ақ Нарынқол, Қостөбе, Сүмбе және Қызылшекара шекара заставаларында өтті. Жалпы саны 370-тен астам әскери қызметші алдын алу іс-шаралармен қамтылды. Кеген ауданында орталық мамандары аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен, «АЖК» және «ЛТЦ» акционерлік қоғамдарының қызметкерлерімен, сондай-ақ Райымбек шекара басқармасы мен Мыңжылқы шекара бөлімшесінің әскери қызметшілерімен кездесті. Сонымен қатар, Қарқара орта мектебінде семинарлар ұйымдастырылып, 69 оқушы мен 38 мұғалім дәріске қатысты. Жалпы Кеген ауданында 300-ден астам адам қамтылды. Кездесулер барысында мамандар АИТВ инфекциясының берілу жолдары, республика мен өңірдегі эпидемиологиялық жағдай, алдын алу шаралары және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде толық ақпарат берді. Қатысушылар стигма мен кемсіту тақырыптарына, сондай-ақ тегін және құпия тексеруден өту мүмкіндігіне ерекше қызығушылық танытты. Барлық қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары мен жеке қорғану құралдары таратылды. «Жұмыс орнында АИТВ бойынша кез келген бағдарламаның маңызды элементтері — білім деңгейін үнемі арттыру, ақпарат тарату және ағарту. Тек ақпараттанған қауымдастық қана АИТВ-ның таралуының алдын алуда тиімді бола алады», — деп атап өтті Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің дәрігер эпидемиологы  А. Ибраимова. толығырақ »

Қараша 10, 2025

Мамандар «Жаңа толқын» бағдарламасының тікелей эфирінде болды
Мамандар «Жаңа толқын» бағдарламасының тікелей эфирінде болды
Түрікстанда «TURKISTAN» арнасының тікелей эфирінде «Жаңа толқын» атты бағдарлама жарыққа шықты. Тікелей эфирде медицина қызметкерлері аймақтық телеарнаның журналистімен жастар денсаулығына қатысты өзекті мәселелерді ашық және шынайы талқылады. " TURKISTAN " телеарнасының эфирінде Түркістан облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру және әдістемелік бөлімінің меңгерушісі- Еркін Есалиев және "Саулық" жастар денсаулық орталығының маманы Мадина Анапия сұбатқа қатысты. Кездесу барысында қатысушылар аймақтағы АИТВ-ның қазіргі жағдайын, тестілеуге қолжетімділікті және АИТВ орталығы мен Жастар денсаулық сақтау орталықтары көрсететін қызметтерді талқылады. Олар жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу және жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуына баса назар аударды. Асель Балтабаеваның айтуынша, АИТВ және ЖЖБИ туралы халықты хабардар ету Орталық үшін басым бағыты және оның Жастар денсаулық сақтау орталықтарымен ынтымақтастығының маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар 10-қараша мен 10-желтоқсан аралығында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты тақырыппен өтетін науқанды да хабарлады. Шара барысында халық көп шоғырланатын орындарда өткізілетін акция, семинар, ашық есік күндерімен қатар түрлі спорттық ойындар мен сайыстар жүргізілетін болады Соңында спикерлер өңір жастары мен тұрғындарын АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болуға, мәліметтерді тек сенімді көздерден алуға және үнемі тестілеуден өтуге шақырды.   толығырақ »

Қараша 10, 2025

СҚО-да АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 90% антиретровирустық терапияны қабылдайды
СҚО-да АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 90% антиретровирустық терапияны қабылдайды
Солтүстік Қазақстан облысында есепте тұрған АИТВ (АӨСА) бар адамдардың 90% антиретровирустық терапияны (АРВТ) алады. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 3% - ға өсті. Уақтылы басталған және тұрақты емдеу АИТВ-оң мәртебесі бар адамдардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар вирустың таралуын болдырмаудың негізгі құралы болып табылады. толығырақ »