Желтоқсан 5, 2025
Денсаулық жолындағы спорт пен білімЖамбыл ауданында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Бір бастама аясында колледж студенттері арасында спорттық жарыстар мен мектеп оқушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.
Ұзынағаш ауылында Жамбыл ауданына қарасты колледж студенттері арасында волейболдан жарыс өтті. Турнирге ұлдар мен қыздар командалары қатысып, өздерінің жоғары спорттық дайындығы мен командалық рухтарын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында Ұзынағаш медициналық колледжінің командасы жеңіске жетсе, қыздар арасында Ж. Жабаев атындағы кәсіптік колледждің командасы І орынды иеленді.
Аталған шараға Ұзынағаш медициналық колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Оңлыбекқызы қатысты. Жалпы спорттық іс-шара 100 студентті қамтыды, оның ішінде тікелей ойынға 28 қатысушы қатысты.
Сол күні Жамбыл ауданында 8–11 сынып оқушылары арасында АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді. Семинар Жамбыл орта мектебінің базасында екі кезеңмен ұйымдастырылды. Жалпы қамтылған оқушылар саны — 245.
Кездесу барысында мамандар жасөспірімдерге АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу шаралары, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы кеңінен айтып, инфекцияға қатысты кең таралған қате түсініктерді түсіндіріп өтті. Ашық пікір алмасу форматында өткен семинарда оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты әрі кәсіби жауаптар алды.
Өткізілген бұл шаралар Жамбыл ауданының жастарында денсаулыққа саналы көзқарас қалыптастыруға, АИТВ инфекциясының алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосады.
толығырақ »
Желтоқсан 5, 2025
1 желтоқсан – Ақтөбе хабардарлық пен денсаулық күнін таңдады1 желтоқсанда медицина қызметкерлері мен еріктілер Ақтөбе қаласының "Keruen City" сауда-ойын-сауық орталығының келушілері мен қызметкерлеріне: "Бүгін қандай күн?"Бір қарағанда қарапайым сұрақ қиын тақырыпта әңгіме бастауға көмектесті:" АИТВ-инфекциясы туралы не білесіз? АИТВ-ға тесттен қашан өттіңіз?"- адамдарды жедел тестілеуден өтуге ынталандыру.
толығырақ »
Желтоқсан 4, 2025
ЖИТС-пен күресудің дүниежүзілік күні аясындағы жастармен диалогЖИТС-пен күресудің дүниежүзілік күніне арналған ақпараттық науқан шеңберінде «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар орталығымен бірлесе отырып, жастардың АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін арттыруға, алдын алу тәсілдерін түсіндіруге және жауапкершілікті көзқарас қалыптастыруға бағытталған ақпараттық–ағартушылық кездесу өтті.
толығырақ »
Желтоқсан 4, 2025
Түркістанда Ашық есік күні өтті Жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Түркістан облысының АИТВ орталығының мамандары Ашық есік күнін ұйымдастырды. Іс-шарада қала тұрғындары мен қонақтары күні бойы АИТВ-инфекциясы туралы өзекті ақпарат алды, мамандарға сұрақтар қоюға мүмкіндік алды және тегін тестілеуден өтті.
толығырақ »
Желтоқсан 3, 2025
Түркістанда кіші футболдан ашық турнир өттіТүркістанда медицина мекемелерінің қызметкерлері арасында футболдан ашық турнир өтті. Спорттық шара 1 желтоқсан - дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды. Түркістан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы ұйымдастырған бұл турнирге 12- команда, 150-ге жуық медицина мамандары қатысты.
Жарыс барысында барлық командалар белсенділік танытты. Қатысушылар қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелер бойынша ақпарат алып, өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті. Түркістан облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары барлық қатысушылар жарысқа жақсы дайындалғанын атап өтті.
Қазір өңірде 10 қарашадан 10желтоқсанға дейін ақпараттық науқан өтіп жатыр. Осыған орай АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында облыс аумағында түрлі іс-шаралар жүргізілуде.
Шара соңында турнир жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Ұйымдастырушылар болашақта осындай жобаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.
толығырақ »
Желтоқсан 3, 2025
Жасөспірімдер мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында үстел теннисінен жарыс өтті. 2025 жылғы 26–28 қараша аралығында Талдықорған қаласындағы «Жастар спорт сарайы» спорт кешенінде үстел теннисінен облыстық деңгейдегі жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараның ұйымдастырушылары — Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы, ШЖҚ «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» МКК және «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Спорттық шара 1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай өткізілді.
толығырақ »