Алматыда өткен акцияда 75 адам өздерінің АИТВ-мәртебесін білді
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай , 10 қарашада Алматы қаласының Forum сауда орталығында, "Барлығы АИТВ туралы" ақпараттық-профилактикалық акциясы өтті.

Іс-шараны,Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, қалалық Адам репродукциясы орталығы, "Ана мектебі", "Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы", "Teenergizer" қоғамдық қорлары және № 7 Қалалық емхана жанындағы "Ақ-жол" жастар денсаулық орталығы ұйымдастырды.
Акцияның басты нәтижелерінің бірі, АИТВ-ға 75 адамды тестілеу болды. Барлық ниет білдірушілерге қызыл иек маңы сұйықтығы бойынша жедел тестілеуден өту және мамандардың кеңесін алу ұсынылды. Нәтижесін 20 минуттан кейін білуге болады.
Әрбір қатысушы үшін бұл өзінің АИТВ-статусын білуге, денсаулығына уақтылы қамқорлық жасауға және инфекцияның алдын алу туралы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік болды.
Сауда орталығына келушілер мамандармен кеңесіп, АИТВ жұқтыру жолдары, алдын алудың заманауи әдістері және тұрақты тестілеудің маңыздылығы туралы біле алды. Сонымен қатар, акция қатысушылары тақырыптық викторина сұрақтарына жауап беріп, жүлделер алды.
"Менің ойымша, мұндай акциялар өте қажет. Сіз әрқашан тестілеуге арнайы жүгінуге уақыт таба алмайсыз және мұнда сауда орталығына барған кезде оны өтуге мүмкіндік бар. Бұл ыңғайлы және маңызды", - деп бөлісті студент Әмір.
"Мен бұрын АИТВ туралы көп білмедім. Бүгін мен өзімді қызықтыратын сұрақтарға жауап алдым және денсаулығымды үнемі тексеріп отырудың қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Менің ойымша, бұған әркім жауапкершілікпен қарауы керек", - деді сауда орталығына келуші Алла.
Мұндай акциялар АИТВ-ны алдын алуды қолжетімді етуге, денсаулық мәселелеріне назар аударуға және инфекцияны уақтылы анықтау үлкен маңызға ие екенін еске салуға көмектеседі.
Есіңізде болсын: сіздің АИТВ-статусыңызды білу, сіздің денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарауды білдіреді. Елімізде АИТВ-ға тестілеуден тегін және құпия түрде өтуге болады.

⚠️ Еш жеріңіз ауырмаса, деніңіз сау деген сөз бе? Қателесуіңіз мүмкін!
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жылдар бойы айқын белгілерсіз өтуі мүмкін. Алайда олардың кейбірі денсаулыққа ауыр зардабын тигізіп, бедеулікке әкелуі және жүктілік кезіндегі асқынуларға себеп болуы мүмкін.

Инфекцияны қалай дер кезінде анықтауға болады? Қандай белгілерді елеусіз қалдыруға болмайды? Өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады?

????️ Осы және басқа да маңызды сұрақтарға ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының клиникалық мониторинг бөлімінің дерматовенеролог дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Өтегенова Әлия Қазиқызы жауап береді.

Бейнероликті соңына дейін көріңіз – бұл ақпарат денсаулығыңызды сақтауға септігін тигізуі мүмкін.

Тексерілуді кейінге қалдырмаңыз. Деннің саулығы өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараудан басталады!

Ақмола облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша медициналық кеңес өтті
5-інші қараша Көкшетау жоғары медициналық колледжінде Ақмола облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының медициналық кеңесі өтті. Жиында 2026 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындылары мен төртінші тоқсанға арналған міндеттер талқыланды.

Отырысты ашқан орталықтың бас дәрігері -  Р.Молдағали:  «Біз медициналық кеңестер өткізу дәстүрін қайта жаңғырттық. Бұл – жұмыстың қорытындысын шығарып қана қоймай, туындаған мәселелерді ашық талқылауға, пікір алмасуға және оларды шешу жолдарын бірлесе іздеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

Бас дәрігердің орынбасары - С.Жаканова, медициналық ұйымның тоғыз айдағы жұмысының алғашқы қорытындысын баяндап, төртінші тоқсанға арналған міндеттер туралы ақпаратын берді.

Эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі - Б. Бапенова, Ақмола облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды және есепті кезеңдегі бөлім жұмысының нәтижелерін таныстырды.

Медициналық кеңесте алдын алу жұмыстардың нәтижелері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық көмек көрсету, диспансерлік бақылау және зертханалық диагностика мәселелері де қаралды. Осы бағыттар бойынша алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі - А.Балтабаева, емдеу-алдын алу жұмысы және диспансерлеу бөлімінің меңгерушісі - С.Бурмаганова, сондай-ақ зертханашы дәрігері - Л.Маслова баяндама жасады.

Медицина қызметкерлері алдын алу іс-шаралардың тиімділігін арттыруға, АИТВ-инфекциясын уақтылы анықтауға және медициналық көмектің сапасын жақсартуға ерекше назар аударды.

Отырыс соңында қатысушылар орталық жұмысының өзекті мәселелерін талқылап, өңірде АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикасы және емдеу бағыттары бойынша алдағы міндеттерді айқындады.

Петропавлда АИТВ-ның алдын алу мәселелері талқыланды
Петропавлда АИТВ-инфекциясының алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігі мәселелері бойынша семинар өтті.

2026 жылғы 4 қарашада Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық ғылыми кітапханасында АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алуға, жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруға, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және балалары бар отбасыларда қолайсыздық белгілерін ерте анықтауға арналған семинар өтті.

Іс-шараны Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталық және Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Семинар білім беру ұйымдарында 2026-2027 оқу жылына арналған бірлескен іс-шаралардың кешенді жоспары аясында өтті.

Спикерлер ретінде Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталықтың дерматовенеролог дәрігері Әсия Шәріпова және орталық маманы Оксана Симухина, сондай-ақ білім беру, құқық қорғау органдарының, жастар ұйымдарының өкілдері және психологиялық қолдау және дене тәрбиесі саласындағы мамандар сөз сөйледі.

Іс-шараға білім бөлімдерінің басшылары, аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері және Петропавл қаласы мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. Барлығы 50-ден астам адам болды.

Семинар барысында мамандар жасөспірімдер арасында АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ алдын алу мәселелерін қарастырды, Білім беру ұйымдарының денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастырудағы рөлін, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және өмірлік қиын жағдайдағы балаларды уақтылы анықтау шараларын талқылады.

Оқушылар арасында ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және бірлескен профилактикалық жұмысты үйлестіруге ерекше назар аударылды.

«Осындай іс-шараларды өткізу педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, түрлі ведомстволардың мамандары арасында тәжірибе алмасуға және өскелең ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға кешенді көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді», – деп  атап өтті Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталықтың дерматовенеролог дәрігері Әсия Шәріпова.

АИТВ орталығында мейіргерлер арасында семинар өткізілді
Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында мейіргерлердің кәсіби білімін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында төмендегідей өзекті тақырыптар қамтылды:

* «АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға мейіргерлік көмек көрсету және күтім жасау» – мейіргер З. Игисинова;

* «Мейіргерлік істе медициналық этика және деонтология» – аға мейіргер С. Ізбасарова;

* «АИТВ инфекциясы және онкология» – лаборант Э. Әсемқараева;

* «АИТВ және вирустық гепатиттер: жұғу жолдары» - мейіргер Қ.Наурызбай тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Семинар барысында АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға сапалы медициналық көмек көрсету, мейіргерлік күтімнің ерекшеліктері, медициналық этика талаптарын сақтау, сондай-ақ инфекциялардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осындай оқыту семинарлары медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға, білімін жетілдіруге және медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.

ЖЖБИ-ге қай жерде тексерілуге болады?
Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға тексерілу әрдайым ақылы бола бермейді. Алматыда және Қазақстанның басқа аймақтарында тері-венерологиялық орталықтарға жүгінуге болады.

Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда ТМККК немесе МӘМС шеңберінде тексерілу және емделу мүмкіндігі қарастырылған.

⚠️ Көптеген инфекциялар ешбір белгі бермеуі мүмкін. Тексерілуді кейінге қалдырмаңыз және өз бетіңізше емделмеңіз!

????️ Тұрдалиева Ботагөз Сайытқызы

Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы директорының орынбасары

#Алматы #Денсаулық #ЖЖБИ #АлдынАлу

Астанада журналистерге АИТВ тақырыбын қалай дұрыс жазу керегі түсіндірілді
Астана қаласы әкімдігінің АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «Qazcontent» АҚ журналистеріне арнап семинар өткізді. Онда АИТВ-ның алдын алу және бұл тақырыпты БАҚ-та жауапкершілікпен жариялау мәселелері талқыланды.

Қатысушыларға АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алудың заманауи әдістері, ерте диагностика және дәрігерге уақтылы қаралудың маңызы жайлы айтылды.

Мамандар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қоғамның көзқарасын қалыптастырудағы БАҚ-тың рөліне ерекше тоқталды. Олар ақпараттың нақты әрі сенімді болуы, терминдерді дұрыс қолдану, құпиялықты сақтау және адамды кемсітетін, таңба басатын сөздерден аулақ болу қажеттігін атап өтті.

АИТВ тақырыбын жауапкершілікпен жазу халықтың хабардарлығын арттырып, қалыптасқан теріс түсініктерді азайтады әрі адамдарға АИТВ-статусына қарамастан құрметпен қарауға жол ашады.

АИТВ-ға тест нәтижесі оң болып шықты: әрі қарай не істеу керек?
АИТВ-ға тест нәтижесі оң болған жағдайда қайда жүгіну, диагнозды қалай растау керектігі және мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетіні туралы Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының эпидемиологиялық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Гүлжахан Ахметова айтып береді.

???? Диагнозды растау және мамандардан кеңес алу үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығына жүгініңіз.

???? Мемлекет қолданыстағы мемлекеттік кепілдіктер шеңберінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қажет ретровирусқа қарсы терапиямен қамтамасыз етеді.

???? Өмір жалғасады. Тұрақты ем қабылдаған жағдайда АИТВ-мен өмір сүретін адамдар еңбек етіп, отбасын құрып, балалы бола алады.

Орталықтарда психологиялық және әлеуметтік қолдау да көрсетіледі.

❤️ АИТВ – үкім емес. Емді ерте бастау – денсаулықты сақтаудың және өмір сүру сапасын жақсартудың кепілі.

Петропавл мектептеріндегі АИТВ-инфекциясының алдын алу
Оқу жылының басынан бері Петропавлда 1500-ден астам оқушы профилактикалық жұмыстармен қамтылды.

Солтүстік Қазақстан Облысының АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандары Петропавл қаласының білім беру ұйымдарының оқушылары арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

2026–2027 оқу жылының бірінші тоқсанында алдын алу іс-шаралары облыс орталығының 22 мектебінде өтті. Жалпы қамтылған оқушылар саны бір жарым мыңнан асты.

Кездесу барысында мамандар оқушыларға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы айтып берді. АИТВ туралы мифтерді жоққа шығаруға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділікті қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Орта буын оқушылары үшін профилактикалық сабақтар ойын түрінде өткізілді, бұл ақпарат беруді қол жетімді әрі қызықты етуге мүмкіндік берді.

«Білім беру ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас жасау жасөспірімдер арасында жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Оқушылардың АИТВ-инфекциясы туралы сенімді ақпаратты тікелей мамандардан алуы және оларды қызықтыратын сұрақтар қоюы маңызды», - деп атап өтті Оксана Симухина.

Петропавл білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыс оқу жылы бойы жалғасатын болады.

Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының ұжымы Республика күнін атап өтті
Республика күніне орай Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының ұжымы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, еліміздің тарихына, ұлттық құндылықтары мен тәуелсіздігіне құрмет көрсетті.

Орталық директоры Роза Қуанышбекова қызметкерлерді және барша қазақстандықтарды ұлттық мерекемен құттықтап, зор денсаулық, бейбітшілік, амандық және еліміздің өркендеуін тіледі.

«Бұл мереке халқымыздың бірлігін, тәуелсіздігімізді және өркендеуге деген ұмтылысымызды білдіреді. Еліміз одан әрі өркендеп, халқымыздың денсаулығы нығайып, әл-ауқаты арта берсін!» – деп тілек білдірді Роза Қуанышбекова.

Республика күні құтты болсын!