ЖИТС-ті тоқтату кедергісіз көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуден басталады

 

Қараша 20, 2026

20 қарашадан бастап Қазақстанда жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ақпараттық-профилактикалық іс-шаралардың онкүндігі басталады.

Онкүндік аясында еліміздің барлық аймақтарында АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған акциялар, тегін тестілеу, мамандардың кеңестері, дәрістер мен сарапшылардың қатысуымен кездесулер өтеді.

Жастарға ерекше көңіл бөлінеді. Мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында тренингтер, пікірсайыстар, викториналар, флешмобтар мен ақпараттық кездесулер ұйымдастырылады.

Науқанның басты мақсаты – әр адамның АИТВ-инфекциясының алдын алу, тестілеуден өту және медициналық көмек алу қызметтеріне ешқандай кедергісіз, стигма мен кемсітушілікке ұшырамай қол жеткізуіне жағдай жасау.

Гүлжаһан Ахметова, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының эпидемиологиялық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

АИТВ-мәртебеңізді біліңіз. Денсаулығыңызға қамқорлық жасауды кейінге қалдырмаңыз!

барлық жаңалықтар »