Резидентураға түсушілер үшін

ҚР ДСМ  «ҚАЗАҚ ДЕРМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ» ЩЖҚ РМК

Ғылыми орталықта 7R09112 "Дерматовенерология, дерматокосметология, ересек және бала" мамандығы бойынша резидентурада оқу үшін барлық жағдай жасалған және "элективті пәндер" каталогы бойынша кең таңдаумен барлық қажетті жабдықтар бар, сонымен қатар сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық және "жас ғалымдар кеңесінде"мүшелігі қарастырылған.

Біздің ұран: Жайлылық пен тиімділік!

«Дерматовенерология ересек, балалар» 7R01112 мамандығы бойынша резидентура оқу бағдарламасы бойынша үміткерлер!

Қабылдау бөліміне құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 03 шілдеден 25 шілде аралығында Райымбек 60 көшесі, ҚДИАҒО, 212 кабинет мекен жайы бойынша қабылданады. 

Резидентураға жоғарғы оқу және интернатура оқу бағдарламасын меңгерген үміткерлер қабылданады.

Түсуге арналған қажетті құжаттарды kncdiz.kz сайтынан білім беру– Резидентура –резидентураға қабылдау ережелері бөлімдерінен қарап танысуға болады.

ҚР ДСМ «ҚДИАҒО» ШЖҚ РМК мамандандырылған (тіркеу номері SA-R-00218) және институционалдық аккредитациясы бар 20.12.2022ж. (тіркеу номері IA00049).

Біздің миссиямыз

Ұлттық дерматовенерологиялық мектеп мұрасын сақтау және арттыру, алдыңғы қатарлы медицина ғылымының жетістіктерін және халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес дәлелді медицина қағидаларын пайдалана отырып, білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру шекарасын кеңейту, өмір сүру сапасын жақсарту. Халықтың адамгершілік, мәдени және ғылыми құндылықтарын дамытуға және нығайтуға ықпал етеді.

Instagram: kncdiz_nikvi

Пошта: nauka@kncdiz.kz

Телефондар:+7(727)3974223 Қабылдау бөлімі

                    +7(727)3974217 Регистратура

                    +7(701)5387012 Дипломнан кейінгі бөлім