Қараша 13, 2025
Астаналық дәрігерлер вирусты гепатитті емдеудің қолжетімділігін талқылады2025 жылғы 12 қарашада Астана қаласы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы «Жизнь вопреки» қоғамдық ұйымымен бірлесіп Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні акциясы аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының медицина қызметкерлеріне арналған жалпықалалық семинар өткізді. Семинар «АИТВ-мен ауыратын науқастарды басқару. Вирусты гепатит диагностикасы мен емдеудегі пациенттің жүру жолы. Пациенттің құқықтары мен міндеттері» тақырыбына арналды.
АИТВ орталығы директорының міндетін атқарушы Д.В. Панченко сөз сөйлеп, АИТВ жұқтырған науқастар арасында вирустық гепатиттің алдын алу мен емдеудің маңыздылығын, ко-инфекциямен ауыратын науқастарды динамикалық бақылау мәселесін атап өтті. Қалалық гепатоцентрдің басшысы К.А. Шамсивалиева АИТВ және алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы мен гепатоцентрдің өзара әрекеттесу реттілігіне тоқталды, сонымен қатар пациенттерді емдеуге жіберу тәртібі де талқыланады.
Семинар ұйымдастырушыларының айтуынша, қазіргі уақытта АИТВ-инфекциясы бар науқастарда созылмалы вирустық гепатиттерді емдеуге көп көңіл бөлінеді. Себебі АИТВ-инфекциясы вирусты гепатитке байланысты бауырдың зақымдануының дамуын тездетеді, әсіресе иммунитет тапшылығы бар науқастарда, өйткені ол қандағы ВГС- концентрациясының 2-8 есе жоғарылауына ықпал етеді, бұл асқынуларға және ұзақ емдеуге әкеледі.
Іс-шараның соңында тараптар ко-инфекцияны емдеу бойынша одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
толығырақ »
Қараша 13, 2025
«Қайрат» клубының футзал ойыншылары АИТВ-ға тестілеуден өтті және хабардар болуға шақырды«Қайрат» футзал клубының футболшылары Дүниежүзілік АИТВ-мен күрес күніне орай «Сын - қатерлерден-АИТВ-ға жауап берудегі өзгерістерге» ұранымен өтетін ақпараттық науқанға белсенді қатысты. Ойыншылар АИТВ-ға жауап беру сөзден емес, нақты істерден басталатынын көрсетті.
Алматы қаласының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары ниет білдірген барлық спортшылар мен клуб мүшелері үшін экспресс-тестілеу өткізді. Қатысушылар өздерінің АИТВ-мәртебесін тегін және жасырын түрде біле алды, сонымен бірге, мамандарға қорғаныс шаралары туралы сұрақтар қойды.
Тестілеумен бірге спортшылар мен жаттықтырушылар үшін қорғаныс тәсілдері, тұрақты тексерулердің маңыздылығы мен АИТВ-ға байланысты жалған ақпараттар туралы ағартушылық әңгімелесу жүргізді. Медицина қызметкерлері заманауи терапия оң нәтижесі бар адамдарға толыққанды өмір сүру және спортпен шұғылдану мүмкіндігін беретінін атап өтті.
«Қайрат» ойыншлары аталған бастамаларға қолдау көрсетеіндерін білдірді және спорт – денсаулық, төзімділік пен жауапкершілік идеяларын насихаттау үшін тиімді өріс болатынын ескертті.
толығырақ »
Қараша 13, 2025
Алматының болашақ дәрігерлері АИТВ ның алдын алу шараларын зерттедіАлматы жоғары медициналық колледжінің білімгерлері АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған семинарға қатысты.
Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында өтті.
Қатысушылар алдында Алматы қаласының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының тәжірибелі дәрігерлері сөз сөйледі. Спикерлер АИТВ-ның алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің заманауи әдістері туралы айтып, инфекцияны ерте анықтаудың маңыздылығын атап өтті.
Семинар барысында қауіпсіз мінез-құлық, денсаулықты қорғау және вирустың таралуын болдырмау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Болашақ дәрігерлер медицина қызметкерлерінің халықты ағартудағы және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигманың деңгейін төмендетудегі маңызды рөлін ескертті.
Кездесу барысында білімгерлер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, заманауи дәрігерлердің салауатты қоғамды қалыптастыруға қалай ықпал ететіні туралы өз ойларымен бөлісті. Пациенттердің нақты оқиғалары да ұсынылды, бұл қатысушыларға мәселенің эмоционалды және әлеуметтік жағын тереңірек түсінуге көмектесті.
Мұндай семинарлар білімгерлерге қажетті білім алуға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық денсаулық мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға көмектеседі.
толығырақ »
Қараша 12, 2025
Маңғыстауда дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан бойынша баспасөз конференциясы өттіМаңғыстау облысында 1 желтоқсан – дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» ұранымен науқан басталды.
Науқан аясында 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында облыс көлемінде түрлі ақпараттық, профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Негізгі мақсаты – АИТВ індетіне қоғам назарын аударып, аурудың алдын алу, емделу және қолдау шараларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Ауқымды акция аясында Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясы өтті. Онда орталық мамандары өңірдегі індеттің таралу жағдайы, алдын алу шаралары және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек жайында кеңінен ақпарат берді. Журналистер де мамандарға сұрақтарын қойды.
Науқан кезінде өңірдің барлық аудандары мен елді мекендерінде түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізіледі. Әскери бөлімдерде, ішкі істер органдарында, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, сауда орталықтары мен базарларда, вокзалдарда, жоғары оқу орындары мен мектептерде дәрістер, семинарлар, тренингтер ұйымдастырылады. Сондай-ақ халық арасында ақпараттық-білім материалдары таратылып, АИТВ инфекциясына жедел-тест тапсыру мүмкіндігі де жасалған.
Сонымен қатар, 5 желтоқсан күні облыстық кітапханада ауқымдв қорытынды іс-шара өткізу жоспарланып отыр.
Маңғыстау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы тұрғындарды өз денсаулығына бейжай қарамауға, уақытылы тексеріліп, қауіпсіз өмір салтын ұстануға шақырады.
толығырақ »
Қараша 12, 2025
Медицина студенттеріне арналған Ашық есік күніРеспублика мен облыста 2025 жылдың 10 қарашасынан бастап Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар өткізілуде.
11 қарашада Қызылорда облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында облыстық жастар денсаулық орталығы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарының қатысуымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған "Болашақ" жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - жастар арасында АИТВ-ның таралу қаупін азайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С. Балықбаева студенттердің назарын салауатты өмір салтына және АИТВ жұқтыру қаупін төмендететін мінез-құлыққа аудара отырып, АИТВ жұқтыру жолдары мен ілеспе алдын алу шаралары туралы айтып берді.
Ашық есік күні студенттер облыс орталығының жұмысымен танысты, семинар соңында ақпараттық-білім беру материалдары мен қорғау құралдары таратылды.
толығырақ »
Қараша 12, 2025
Қарағанды облысы: ВИЧ-пен өмір сүретін адамдардың 96%-ында вирустың жүктемесі төмендетілген1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай, Қарағанды облыстық ЖИТС орталығы АИТВ-мен күрес саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін жариялайды. Бұл нәтижелер көпсалалы мамандардың үйлесімді жұмысы мен АИТВ-мен өмір сүретіндерді қолдайтын үкіметтік емес ұйымдармен серіктестіктің арқасында мүмкін болды.
Аймақтағы статистика көңіл қуантады: АИТВ- мен өмір сүретін адамдардың 92%-ы антиретровирустық терапия алады, ал ем алып жүргендердің 96%-ында вирустың жүктемесі төмендетілген. Жүкті әйелдердің 99,9%-ы ВИЧ бойынша тексеруден өткен. 15–49 жас аралығындағы халық арасында АИТВ таралуы 0,79%-ды құрайды, бұл көрсеткіш профилактикалық шаралардың тиімділігін растайды.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні елдер мен қоғамдардың қол жеткізген жетістіктерін қорғауға және АИТВ-мен күрес шараларын жалғастыруға мүмкіндік береді. 2025 жылғы тақырып – «Қиындықтардан –АИТВ-ге қарсы трансформацияға».
– Қазақстан мемлекеттік қолдаумен АИТВ бағдарламаларын белсенді дамытып келеді. Бұл ВИЧ-пен өмір сүретін адамдарға қажетті ем-дом жүргізуге, тұрақты тексерулер ұйымдастыруға және профилактикалық шараларды кеңейтуге мүмкіндік береді, нәтижесінде инфекцияның таралуы айтарлықтай төмендеді., – деп атап өтті Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының директоры Бейбіт Сағымбаев.
– Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық та нығайып келеді, мемлекет профилактикалық бастамаларды тұрақты қолдаумен қамтамасыз етеді. Бұл АИТВға қарсы ұлттық жүйені нығайтуға маңызды қадам, – дейді «Сенім» қауымдастығының жетекшісі Айнұр Нупинова.
Дәстүрлі түрде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында жастар, азаматтық белсенділер мен еріктілер қатысатын ақпараттық науқандар ұйымдастырады.
Қарағанды облыстық ЖИТС орталығы студенттер арасында АИТВ –ның алдын алу және стигмаға жол бермеу тақырыбында бейне ролик жасау бойынша шығармашылық байқау жариялады; жоғары сынып оқушылары арасында волейболдан спорттық жарыстар өткізіледі, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен «ВИЧеринка» ұйымдастырылып, жастарға денсаулыққа жауапкершілік пен саналы қараудың маңыздылығы жеткізіледі.
Науқан аясында АИТВ туралы хабардарлықты арттыру мақсатында профилактикалық акциялар, лекциялар мен интерактивті кездесулер де жоспарланған.
толығырақ »
Қараша 11, 2025
«Таңдау сенің қолыңда!»: Атырауда 300 студенттің қатысуымен ақпараттық кездесу өтті10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін елімізде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты ақпараттық науқан өтуде.
Науқан 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ұйымдастырылып, қоғам назарын АИТВ инфекциясының алдын алу, емдеу және стигма мен кемсітушілікті жою мәселелеріне аударуды мақсат етеді.
Осы республикалық науқан аясында Атырау қаласындағы Н.Балғымбаев атындағы орталықта қаладағы арнаулы оқу орындарының студенттеріне арналған «Таңдау сенің қолыңда!» атты ақпараттық кездесу өтті.
Шараның мақсаты – жастар арасында АИТВ инфекциясының таралу қаупін азайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Кездесуге 300-ден астам белсенді жастар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Олардың қызығушылығы мен сұрақтары жастардың бұл тақырыпқа бейжай қарамайтынын көрсетті.
Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер-эпидемиологы Әсем Серікбаева жастарға денсаулықтың қадірі мен жеке жауапкершіліктің маңызы туралы кеңінен айтып өтті:
– Былтырмен салыстырғанда көрсеткіш төмендеген. Бұрын АИТВ көбіне ИЕТ арасында, яғни бір инені бірнеше адамның пайдалануынан тараса, соңғы жылдары жыныстық қатынас арқылы жұғу жағдайлары жиілеп отыр. Бұл жастардың жеке жауапкершілікке салғырт қарамауы керектігін көрсетеді.
Кездесудің әсерлі сәттерінің бірі – Атырау жоғары медициналық колледжі студенттерінің дайындаған «Салауатты өмір салты» атты флешмобы болды. Би арқылы олар қоғамға сергектік пен дұрыс өмір сүрудің маңызын жеткізді.
Бұл шара жастарға өз өміріне жауапкершілікпен қараудың және АИТВ инфекциясынан қорғанудың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.
толығырақ »
Қараша 11, 2025
Астанада репродуктивті денсаулық және АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша семинар-тренинг өттіАстана қаласыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп «Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі Қазақстандық ассоциация» қоғамдық қауымдастығы ұйымдастырған семинар-тренинг өтті.
Іс-шара «Болашақты бірге жоспарлаймыз!» Шеврон компаниясының қолдауымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылды.
Бағдарлама аясында Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Жанна Бекетова сөз сөйлеп, АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу әдістері, сондай-ақ АИТВ-ға және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға (ЖЖБИ) уақтылы тестілеудің маңыздылығы туралы өзекті ақпаратты ұсынды.
Семинар-тренингтің мақсаты жасөспірімдерге, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және халықтың негізгі топтарына көмек көрсету бойынша Жастар денсаулық орталықтары мамандарының білім деңгейін және практикалық дағдыларын арттыру болды. АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелеріне, оның ішінде байланысқа дейінгі және кейінгі профилактикаға ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында қатысушылар АИТВ жұқтыру жолдары, қорғау әдістері, АИТВ және ЖЖБИ-ге уақтылы тестілеудің маңыздылығы, ақпаратпен танысты. Өз сөзінде Ж. Бекетова Жастар денсаулық орталықтарының АИТВ-ға тексерудің қолжетімділігі мен уақтылығын қамтамасыз етудегі, жасөспірімдерді қолдаудағы, сондай-ақ оларға АИТВ мен ЖЖБИ-нің алдын алу туралы сенімді ақпарат берудегі рөліне тоқталды.
Бағдарламаның жеке блогы жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға, отбасын жоспарлау мәселелеріне және гинекологиялық аурулардың алдын алуға арналды.
Қатысушылар АИТВ-инфекциясының алдын алу және репродуктивті денсаулықты нығайту мәселелері бойынша халыққа білім беру саласындағы одан әрі ынтымақтастық және бірлескен жұмыс жөніндегі ұсыныстарды талқылады.
толығырақ »