Маусым 20, 2025
Жабдықты таңдау – сапалы зертханалық диагностикаға кепілдік!Бүгінде заманауи медицина жетістіктерінің арқасында АИТВ-инфекциясы бақыланатын аурудың қатарына қосылды. Антиретровирустық препараттармен (АРВП) емдеуді уақытында бастап, дәрігердің барлық нұсқауларын орындаса, АИТВ жұқтырған жандар ұзақ және толыққанды өмір сүре алады. АИТВ – мен өмір сүретін адамдарды емдеу барысын қадағалау үшін зертханалық талдау жүргізудің маңызы зор. Бүгінгі таңда зертханалық зерттеулер жүргізу үшін заманауи диагностикалық анализаторлар бар.
толығырақ »
Маусым 18, 2025
АИТВ инфекциясына жедел тестілеу бойынша оқытуЖетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКК базасында эпидемиологиялық мониторинг бөлімі, емдеу-алдын алу және диспансерлеу бөлімі, ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлім, сондай-ақ аурулардың алдын алу және қоғаммен байланыс бөлімдерінің қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу жүргізу мәселелері бойынша оқыту семинары-тренингі өткізілді.
толығырақ »
Маусым 17, 2025
Ұлттық биотехнология орталығына жұмыс сапарыҚазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының қызметкерлері "М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КеАҚ, "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС (ҰБО), "Астана медицина университеті" КеАҚ және "Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК арасында жасалған инновациялық-білім беру консорциумының шарты аясында 11-13 маусым аралығында Астана қ. Ұлттық биотехнология орталығына жұмыс сапармен барды.
толығырақ »
Маусым 17, 2025
Аутрич қызметкерлерді оқыту семинарыЖетісу облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» МКК өткізген конкурс нәтижесінде АИТВ мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету мен профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындаушысы анықталды.
толығырақ »
Маусым 17, 2025
ШҚО: ЖИТС орталығында дәрігерлерге арналған ТГА бойынша оқыту семинары өттіШығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында трансгендер адамдарға (ТГА) медициналық қызмет көрсету мәселелеріне арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараның мақсаты – дәрігерлердің ТГА өкілдерінің қажеттіліктері туралы хабардарлығын арттыру және АИТВ-ның алдын алу мен емделуге қолжетімділікті жақсарту.
толығырақ »