Жаңалықтар

Шілде 29, 2024

Ақтөбелік медицина қызметкерлері Жол картасы бойынша оқудан өтуде
Ақтөбелік медицина қызметкерлері Жол картасы бойынша оқудан өтуде
2024 жылдың 6 айында Ақтөбе облысында 60 орта медицина қызметкері АИТВ мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті. толығырақ »

Шілде 26, 2024

Алматы облысында ведомствоаралық дөңгелек үстел өтті
Алматы облысында ведомствоаралық дөңгелек үстел өтті
Нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын алу айлығын қорытындылау аясында ШЖҚ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК базасында «Аддиктивті мінез-құлықтың қалыптасу механизмдері. Нашақорлық пен АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында ведомствоаралық дөңгелек үстел өтті. толығырақ »

Шілде 25, 2024

СҚО-да экспресс-тестілеуді өткізу қағидалары туралы тренинг
СҚО-да экспресс-тестілеуді өткізу қағидалары туралы тренинг
АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық орталығында экспресс-тестілеу мәселесі бойынша семинар-тренинг өтті. Оған Орталықтың эпидемиологиялық бөлімінің және емдеу-алдын алу жұмысы және диспансерлеу бөлімінің мамандары, сонымен қатар Көп бейінді облыстық аурухананың орта медицина қызметкерлері қатысты. толығырақ »

Шілде 24, 2024

Полиция қызметкерлеріне семинарлар жүргізілді
Полиция қызметкерлеріне семинарлар жүргізілді
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері АИТВ-ның алдын алуда маңызды рөл атқарады, өйткені олар жұқтыру қаупі жоғары популяциялармен (ЛУИН, секс-жұмыскерлер, МСМ және басқалар) тікелей жұмыс істейді. Халықтың осы топтары арасында тиімді алдын алу шаралары АИТВ-инфекциясының одан әрі таралуын тоқтатуға және эпидеттің әлеуметтік-экономикалық салдарын айтарлықтай төмендетуге қабілетті. толығырақ »

Шілде 23, 2024

Жабдықты таңдау – зертханалық диагностика сапасының кепілі!
Жабдықты таңдау – зертханалық диагностика сапасының кепілі!
Шымкент қаласы ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасында барлық қажетті сипаттамаларға жауап беретін жаңа буын гематологиялық анализаторы іске қосылды. толығырақ »

Шілде 22, 2024

Шымкент қалалық ЖИТС-орталығына – 35 жыл
Шымкент қалалық ЖИТС-орталығына – 35 жыл
1982 жылы медициналық есептер мен БАҚ-да ЖИТС-туралы алғашқы ақпарат жарияланды. Көп ұзамай, 1987 жылы, қатерлі дерт Қазақстанда да тіркелген болатын. Жаңа аурудын алдын алу және онымен күрес жұмыстарын жүргізу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау бөлімінің 18.07.1989 жылғы №323-П бұйрығымен Шымкент қаласында ЖИТС орталығы ашылып, алғашқы рет АИТВ-ға зертханалық диагностикасы енгізілді. Орталықтың жалпы қызметкерлер саны 23, 3 құрылымдық бөлім, атап айтқанда: профилактикалық және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімі (меңгерушісі дәрігер-эпидемиолог Прыгунов Павел Михайлович), халықты эпидемиологиялық тексеруді ұйымдастыру бөлімі (меңгерушісі дәрігер-эпидемиолог Орманов Болат Жаппарұлы) және зертхана бөлімі (меңгерушісі дәрігер лаборант Ли Людмила Геннадьевна) болды. 1992 жылы Орталық Рысқұлбеков көшесіндегі ғимараттан сол кезде жаңадан ашылған қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына көшірілді. Арнайы клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізілген тексерулер барысында, 1993 жылы Шымкент қаласында алғашқы АИТВ-жұқтырған науқас анықталған болатын. Өндірістік қажеттілікке, зертхананың қуаты өсуіне және штаттың кеңеюіне байланысты, 1998 жылы Орталық қазіргі мекен-жайы – Кремль көшесіндегі ғимаратқа ауысты. Орталық тарихындағы елеулі оқиғалар хроникасы: толығырақ »

Шілде 19, 2024

Тиімді алдын-алу негізі
Тиімді алдын-алу негізі
Қазақстанда жыл басынан бері АИТВ-ның парентеральді жолмен (қан арқылы) берілуінің жаңа жағдайлары болжамды деңгейден 5 пайызға төмен. Бұл нәтиже инъекциялық есірткіні тұтынушылар (ИЕТ) арасында тиімді профилактиканың арқасында мүмкін болды. толығырақ »

Шілде 18, 2024

Алматы облысында бірінші жартыжылдықта 40 мыңнан астам адам алдын алу іс-шараларымен қамтылды
Алматы облысында бірінші жартыжылдықта 40 мыңнан астам адам алдын алу іс-шараларымен қамтылды
Алматы облысында бірінші жартыжылдықта халық арасында 41207-ден астам адамды қамтыған 324 іс-шара өткізілді, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек мекемелерінде 23 семинар, 763 медицина қызметкері қамтылды. толығырақ »

Шілде 17, 2024

Жыл басынан бері БЖК 3000 нан астам қазақстандық үшін қолжетімді болды
Жыл басынан бері БЖК 3000 нан астам қазақстандық үшін қолжетімді болды
Жыл сайын елімізде АИТВ-ның (ЖКП) байланысқа дейінгі профилактикасын ұстанушылар саны артып келеді. Бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған алдын-алу түрі. ДКП немесе PrEP - вируспен байланыста болған жағдайда инфекцияның алдын алу мақсатында АИТВ-сыз адамдар оны үнемі қолданған жағдайда АИТВ-ның берілуін болдырмаудың тиімді әдісі. ДКП тенофовир және эмтрицитабин сияқты препараттарды күнделікті қабылдаудан тұрады. толығырақ »

Шілде 16, 2024

Ақмола облысында АИТВ мәртебесін таныған адамдардың саны артты
Ақмола облысында АИТВ мәртебесін таныған адамдардың саны артты
Алты айдың қорытындысы бойынша Ақмола облысында 77 мыңнан астам адам АИТВ-ға тестілеуден өтті, бұл өткен жылмен салыстырғанда бес пайызға артық. Бұл туралы облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі - Сабира Ашимова айтып берді. толығырақ »