Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қараша 13, 2026
Профилактикалық науқан аясында Ақтөбе облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктaу ауылында орналасқан «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС вахталық кентінде ақпараттық-ағартушылық акция өткізді.
Іс-шара барысында кәсіпорын қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған дәріс оқылды. Мамандар АИТВ-ның берілу жолдары, одан қорғану тәсілдері, уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығы және өзінің АИТВ мәртебесін білудің қажеттілігі туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар АИТВ инфекциясы туралы кең таралған жаңсақ пікірлерді жоққа шығаруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Акцияға қатысушыларға АИТВ инфекциясы және оның алдын алу шаралары туралы пайдалы ақпарат қамтылған ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
Дәрістен кейін барлық ниет білдірген қызметкерлер АИТВ-ға тегін экспресс-тестілеуден өтіп, мамандардан жеке кеңес алып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
Ақпараттық-профилактикалық іс-шарамен барлығы 141 адам қамтылды, оның ішінде 30 қызметкер АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтті.
Мұндай көшпелі іс-шараларды өткізу жұмыс істейтін халық үшін профилактикалық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін көтеруге және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Өзінің АИТВ мәртебесін білу – өзіңе, жақындарыңа және болашағыңа қамқорлық жасау!