АИТВ бар әйелдер: ана болу тәжірибесін зерттеу

 

Қараша 13, 2026

12 күні Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында жүктілігі кезінде АИТВ-инфекциясы анықталған әйелдердің тәжірибесіне арналған сапалы ғылыми зерттеудің нәтижелерін ұсынды.

Зерттеудің авторлары: Элизабет Дж. Кинг, PhD, MPH, Мичиган университетінің денсаулық сақтау саласындағы мінез-құлық және теңдік кафедрасының доценті мен Ж.С.Нугманова медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «АИТВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау» курсының жетекшісі.
Зерттеу әйелдердің медициналық көмекке қол жеткізуіне, олардың психологиялық жай-күйіне, репродуктивтік шешімдеріне және ұзақ мерзімді емделуге бейімділігіне әсер ететін факторларды зерделеуге бағытталған. Жүктілік кезеңіне және босанғаннан кейінгі уақытқа - уақытылы медициналық қолдау және мамандардың мұқият қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болатын кезеңдерге ерекше көңіл бөлінеді.
Зерттеу 2024 жылдың қазан айынан бастап желтоқсан айына дейін жүргізілді. Оған Алматы қаласынан 15 әйел қатысты. Интервью арқылы зерттеушілер қатысушылардың жеке тәжірибесін, олардың медициналық ұйымдармен өзара қатынастарын, диагноздарына деген көзқарастарын және әлеуметтік қолдаудың рөлін зерделеді.
Осындай зерттеулердің нәтижелері АИТВ-мен өмір сүретін әйелдердің қажеттіліктерін тереңірек түсінуге, медициналық және психологиялық қолдауды жетілдіру бағыттарын айқындауға көмектеседі. Басты назарда -емделу ғана емес, сонымен қатар өмір сүру сапасы, әйелдің жеке таңдауын құрметтеу, құпиялылықты сақтау және әрбір пациент өз уақытында стигмасыз және қорқынышсыз қажетті көмекті ала алатын жағдайлар жасау.

барлық жаңалықтар »