Псориаз жұқпайды!

 

Қараша 17, 2026

Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының дерматолог дәрігері Гүлжан Бақытқызы Мейірманова псориаздың қандай ауру екенін, оның белгілерін және псориазбен ауыратын адамдармен араласудан неге қорықпау керегін түсіндіреді.

 

Псориаздың ең жиі кездесетін түрлерінің бірі – түйіндақты псориаз. Аурудың бұл түрінде теріде шекарасы айқын, қызыл түсті, беті күміс түстес ақ қабыршақтармен жабылған түйіндақтар пайда болады. Олар көбіне шынтақта, тізеде, бастың шашты бөлігінде және бел жақта кездеседі.

 

 

Нені білген жөн?

 

Псориаз – иммундық жүйе қызметінің бұзылуына байланысты туындайтын созылмалы ауру. Ол бір адамнан екінші адамға жұқпайды.

 

Маманның кеңестері:

 

* Теріде бөртпе пайда болса, дерматологқа қаралыңыз.

* Өз бетіңізше емделмеңіз.

* Теріңізді үнемі ылғалдандырып жүріңіз.

* Теріні жарақаттап алудан сақтаныңыз.

* Дәрігер тағайындаған емді үзбей жалғастырыңыз.

Есіңізде болсын: псориаз жұқпайды!

Бұл ауруды бақылауда ұстауға болады. Айналасындағы адамдардың түсіністік танытуы және қолдауы псориазбен ауыратын жандардың өзіне деген сенімін арттырады.

 

#Псориаз #ТеріСаулығы #Дерматолог #АлматыҚДСБ

барлық жаңалықтар »