Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қараша 11, 2026
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай , 10 қарашада Алматы қаласының Forum сауда орталығында, "Барлығы АИТВ туралы" ақпараттық-профилактикалық акциясы өтті.
Іс-шараны,Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, қалалық Адам репродукциясы орталығы, "Ана мектебі", "Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы", "Teenergizer" қоғамдық қорлары және № 7 Қалалық емхана жанындағы "Ақ-жол" жастар денсаулық орталығы ұйымдастырды.
Акцияның басты нәтижелерінің бірі, АИТВ-ға 75 адамды тестілеу болды. Барлық ниет білдірушілерге қызыл иек маңы сұйықтығы бойынша жедел тестілеуден өту және мамандардың кеңесін алу ұсынылды. Нәтижесін 20 минуттан кейін білуге болады.
Әрбір қатысушы үшін бұл өзінің АИТВ-статусын білуге, денсаулығына уақтылы қамқорлық жасауға және инфекцияның алдын алу туралы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік болды.
Сауда орталығына келушілер мамандармен кеңесіп, АИТВ жұқтыру жолдары, алдын алудың заманауи әдістері және тұрақты тестілеудің маңыздылығы туралы біле алды. Сонымен қатар, акция қатысушылары тақырыптық викторина сұрақтарына жауап беріп, жүлделер алды.
"Менің ойымша, мұндай акциялар өте қажет. Сіз әрқашан тестілеуге арнайы жүгінуге уақыт таба алмайсыз және мұнда сауда орталығына барған кезде оны өтуге мүмкіндік бар. Бұл ыңғайлы және маңызды", - деп бөлісті студент Әмір.
"Мен бұрын АИТВ туралы көп білмедім. Бүгін мен өзімді қызықтыратын сұрақтарға жауап алдым және денсаулығымды үнемі тексеріп отырудың қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Менің ойымша, бұған әркім жауапкершілікпен қарауы керек", - деді сауда орталығына келуші Алла.
Мұндай акциялар АИТВ-ны алдын алуды қолжетімді етуге, денсаулық мәселелеріне назар аударуға және инфекцияны уақтылы анықтау үлкен маңызға ие екенін еске салуға көмектеседі.
Есіңізде болсын: сіздің АИТВ-статусыңызды білу, сіздің денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарауды білдіреді. Елімізде АИТВ-ға тестілеуден тегін және құпия түрде өтуге болады.