Денсаулық командасында бол!

 

Қараша 17, 2025

Өткен демалыс күндері Эстетикалық бағыттағы гимназияның спорт залында мектептердің педагогикалық ұжымдары арасында волейболдан турнирі өтті. Іс-шара БҚО АИТВ орталығының және жеке кәсіпкер «Бисенғалиев» үкіметтік емес ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті және ол Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанына арналды. Турнир АИТВ-ның алдын алу мәселелеріне назар аудартуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және педагогикалық ортада корпоративтік өзара іс-қимылды дамытуға бағытталды.

Ойын басталар алдында эпидемиолог-дәрігер А.Ашигалиева қатысушылардың алдында сөз алып, жоспарланған іс-шаралар туралы және биылғы жылдың «Қиындықтардан - АИТВ-ға қарсы әрекеттегі өзгерістерге» ұранын түсіндіріп өтті.

Жарысқа № 37, 4, 16, 33 мектептері, Серебряково және Эстетикалық бағыттағы гимназия командалары қатысты. Әр команда жоғары бірлік, спорттық көңіл-күй және жеңіске деген талпынысын көрсетті. Турнир жылы әрі достық атмосферада өтті: педагогтар ұпай үшін ғана емес, бір-бірін қолдап, белсенді өмірлік ұстанымның үлгісін көрсетті.

Тартысты да әсерлі матчтардың қорытындысы бойынша №37 орта мектебі жеңімпаз атанды. Барлық қатысушылар грамоталармен, кубоктармен марапатталып, салауатты өмір салтын ілгерілетуге қосқан үлестері үшін ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдірілді.

барлық жаңалықтар »