Алматы дәрігерлері АИТВ-инфекциясын ерте анықтау  мәселелерін талқылады

 

Қырқұйек 18, 2026

16 қыркүйекте Алматы қаласы  ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары қалалық емханалардың медицина қызметкерлерімен бірлесіп, АИТВ-инфекциясын уақтылы анықтау мәселелеріне арналған жұмыс кездесуін өткізді.

Медицина қызметкерлерінің сергектігін арттыруға және тестілеуді уақтылы тағайындауға басты назар аударылды. АИТВ-ны ерте анықтау антиретровирустық терапияны уақытында бастауға, инфекцияны бақылауға және пациенттердің өмір сүру сапасын сақтауға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында мамандар, АИТВ-ға тексеруді ұсынудың маңызды клиникалық жағдайларын қарастырды, сонымен қатар қосымша тестілеуге негіз болатын белгілер мен ауруларды талқылады. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының ЖИТС орталығымен өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.

"Пациентті тексеруге уақтылы жіберу, қауіп факторларын дұрыс бағалау және аурудың көріністеріне мұқият қарау алғашқы жүгінуден бастап диагноз қоюға дейінгі уақытты қысқартуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Алматы қаласы ЖИТС орталығы директорының орынбасары А.Нұркерімова.

Сарапшылар заманауи тестілеу айқын симптомдар болмаған кезде де АИТВ-инфекциясын анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Диагноз расталған кезде пациентке инфекцияны бақылауға көмектесетін және асқыну қаупін төмендететін қажетті емдеу тағайындалады.

Мұндай жұмыс кездесулері медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін арттыруға және АИТВ-инфекциясын ерте анықтау тәсілдерін жетілдіруге бағытталған.

# алдыналуАИТВ # орталық ЖИТСАлматы

барлық жаңалықтар »