Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қырқұйек 22, 2026
Астана қаласының АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті.
Семинар барысында Орталық мамандары елордадағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы өзекті ақпарат ұсынып, инфекцияның берілу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ-ға тестілеу мен емдеудің заманауи тәсілдері туралы айтып берді.
Кездесуде АИТВ-ға тұрақты түрде тестілеуден өтудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Мамандар уақтылы тестілеу адамның өзінің АИТВ мәртебесін білуіне, қажетті кеңес алуына және қажет болған жағдайда емді уақытында бастауына мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сонымен қатар семинарға қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдарында АИТВ инфекциясы тақырыбын шынайы әрі дұрыс жариялау, жалған ақпараттың таралуына, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелерін талқылады.
Журналистер Орталық мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті жауаптар алды. Сондай-ақ халықтың ақпараттандырылу деңгейін арттыруда және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлі атап өтілді.
Мұндай оқыту семинарларын өткізу медицина мамандары мен БАҚ өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ АИТВ инфекциясының алдын алу, тестілеу және емдеу туралы нақты әрі сенімді ақпаратты халық арасында кеңінен таратуға ықпал етеді.
Астана қаласының АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы еске салады: АИТВ-ға тестілеуден тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және конфиденциалды түрде өтуге болады. Уақтылы тестілеу - денсаулықты сақтаудың және қажетті медициналық көмекті дер кезінде алудың маңызды қадамы.