Ақтауда АИТВ-инфекциясына жедел-тестілеу бойынша облыстық семинар өтті

 

Қырқұйек 24, 2026

Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында  АИТВ-инфекциясына жедел-тестілеу жүргізетін медицина мамандарына арналған облыстық семинар өтті.

Семинарды Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы ұйымдастырды. Семинарға мемлекеттік медициналық ұйымдар мен жеке медициналық орталықтардың АИТВ-инфекциясына жедел-тест жүргізуге жауапты 63 маман қатысты.

 Семинарда АИТВ-инфекциясына эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жедел-тест жүргізілетін жағдайлар, тексеруге жататын адамдар санаты және жедел-тестілеуді ұйымдастыру тәртібі түсіндірілді.

 Сондай-ақ медициналық ұйымдарда орын алуы мүмкін апаттық жағдайлардың алдын алу, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары талқыланды.

 Семинардың практикалық бөлімінде АИТВ-инфекциясына жедел-тест қою тәртібі көрсетіліп, тестілеу кезеңдері, биоматериалмен жұмыс істеу және нәтижелерді бағалау талаптары түсіндірілді.

 Қатысушылар талқылау кезінде тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.

 

 

барлық жаңалықтар »