Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қырқұйек 28, 2026
2026 жылғы 28 қыркүйекте Көкшетау қаласында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мен Қалалық емхана және «Panacea Clinic» ЖШС жанындағы Жастар денсаулық орталықтары арасында ведомствоішілік кеңес өтті.
Кездесу АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу мәселелеріне, сондай-ақ жастар арасында бірлескен алдын алу жұмысты одан әрі дамытуға арналды.
Іс-шараны АИТВ-орталығы бас дәрігерінің орынбасары- Сауле Жаканова ашты. Кеңес барысында алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- Асель Балтабаева Ақмола облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды таныстырып, жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ және ЖЖБИ мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктері туралы баяндады. Ал, Жастар денсаулық орталықтарының өкілдері: Жибек Алиева мен Улпан Аманбаева жастармен жүргізілетін алдын алу жұмыстардағы тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді ортаға салды.
Мамандар АИТВ орталығы мен Жастар денсаулық орталықтары арасындағы алдағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын және жасөспірімдер мен жастар арасында алдын алу іс-шараларды өткізу тәсілдерін айқындады.
АИТВ орталығы мен Жастар денсаулық орталықтарының бірлескен жұмысы мамандардың күш-жігерін біріктіруге және жастар арасында алдын алу жұмысты кеңейтуге, АИТВ, ЖЖБИ, тестілеу және денсаулықты сақтау мәселелері бойынша сенімді ақпараттың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.