Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қараша 14, 2025
Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған брифингі өтті. Шара барысында орталық мамандары 2025 жылдың 10 айындағы жұмыс нәтижелерін жариялап, өңірдегі алдын алу бағытындағы негізгі міндеттерді атап өтті.
Орталықтың мәліметінше, биылғы жылы АИТВ инфекциясын ерте анықтауға, тестілеумен қамтуды кеңейтуге және халықтың, әсіресе жастардың хабардарлығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманы төмендету, медициналық ұйымдармен, білім беру мекемелерімен және үкіметтік емес сектормен ынтымақтастықты күшейту маңызды бағыттардың бірі болып отыр.
ЖИТС орталығының өкілдері атап өткендей, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай облыста «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен түрлі акциялар, оқу семинарлары және тұрғындармен кездесулер өтуде. Іс-шаралардың мақсаты – халықтың ақпараттануын арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және алдын алу қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту.
Брифинг қорытындысы бойынша мамандар ақпараттық-түсіндіру жұмысының АИТВ-инфекциясы бойынша жағдайды тұрақтандыруға және халық арасында уақтылы тест тапсыру мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін негізгі құралдардың бірі екенін атап өтті.