Тексер! Таны! Өмір сүр!

 

Қараша 14, 2025

Осындай ұранмен Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері №11 мекемесінің жасөспірімдеріне арнап акция өткізді.

Акция Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында ЮНЭЙДС-тің «АИТВ-ге қарсы әрекетте – өзгерістерге жол» ұранымен ұйымдастырылды.

Медицина қызметкерлері қатысушыларға АИТВ жұғу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып, алдын алу бойынша білім деңгейін анықтау үшін блиц-сұрақтар қойып, ауру төңірегіндегі мифтерді түсіндірді.

Жасөспірімдер викторинаға қызығушылықпен қатысып, сұрақтарға жауап беріп, нәтижелерді талқылады. Барлығы өз сыйлықтарын алды.

«АИТВ» тақырыбындағы синквейн қатысушыларға білімдегі олқылықтарды толықтыруға және іс-шараға эмоционалды реңк беруге көмектесті.

Іс-шара барысында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толеранттылық таныту мен қолдау көрсету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Интерактивті бөлімде жасөспірімдерге шынайы өмірлік жағдайларды талдау ұсынылды. Бұл олардың қандай әрекеттер қауіп төндіретінін, ал қайсысы тек жалған түсінік екенін жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.

барлық жаңалықтар »