Алматы қаласының өрт сөндірушілері АИТВ-ға қарсы науқанға қосылды

 

Қараша 13, 2025

Алматы қаласындағы Өрт сөндіру қызметінің мамандандырылған жасағы Дүниежүзілік АИТВ-мен күрес күніне орай «Сын - қатерлерден-АИТВ-ға жауап берудегі өзгерістерге» ұранымен өтетін ақпараттық науқанға қосылды.

12 қараша күні Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары өрт сөндірушілерге арнап тренинг өткізді. Олар қатысушыларды АИТВ таралу жолдары мен вирустан қорғану тәсілдерімен таныстырды.  Жаттықтырушылар АИТВ қалай берілмейтіні және тұрақты тексеруден өтіп тұру маңыздылығы туралы айтты. АИТВ-инфекциясын диагностикалау және оны емдеу тақырыптары   талқыланды.  

АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері  ерекше талқыланды.

Тренинг барысында өрт сөндірушілер вирусқа қатысты жалған ақпаратқа қатысты сұрақтар қойды, командада бірі-біріне сену және көмектесу маңыздылығы жайлы ой-пікірлерімен бөлісті.  Қатысушылар осындай кездесулер стереотиптерді бұзуға және өзінің денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыруға көмектеседі деді.

«Сын - қатерлерден-АИТВ-ға жауап берудегі өзгерістерге» атты науқан жалғасуда.

барлық жаңалықтар »