Алматы қаласындағы №1 гимназияның жүзден астам оқушысы АИТВ профилактикасы туралы білді

 

Қараша 13, 2025

11 қараша күні Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Дүниежүзілік АИТВ-мен күрес күніне орай өткізіліп жатқан ақпараттық науқан аясында Алматы қаласындағы №1 гимназияның оқушыларына арнап тернинг өткізді.

Сенімді және достық жағдайда жаттықтырушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығына қамқорлық жасау туралы айтты.

Викторина форматында оқушылар АИТВ жұқтыру жолдары мен қорғану шаралары туралы сұрақтарға жауап берді. Дәрігерлер қателер мен дәлсіздіктерді дереу түзеп, оларды егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сонымен қатар, қатысушыларға АИТВ-ға тестілеудің маңыздылығы түсіндірілді. Дәрігерлер инфекцияны ерте анықтау көптеген жылдар бойы денсаулық пен өмір сапасын сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мамандар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманы және кемсітушілікті азайту қажеттілігіне ерекше назар аударды. Жасөспірімдерді диагнозына қарамастан әр адамға төзімділік, өзара түсіністік және құрмет көрсетуге шақырды.

барлық жаңалықтар »