Мамандар «Жаңа толқын» бағдарламасының тікелей эфирінде болды

 

Қараша 10, 2025

Түрікстанда «TURKISTAN» арнасының тікелей эфирінде «Жаңа толқын» атты бағдарлама жарыққа шықты. Тікелей эфирде медицина қызметкерлері аймақтық телеарнаның журналистімен жастар денсаулығына қатысты өзекті мәселелерді ашық және шынайы талқылады.

" TURKISTAN " телеарнасының эфирінде Түркістан облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру және әдістемелік бөлімінің меңгерушісі- Еркін Есалиев және "Саулық" жастар денсаулық орталығының маманы Мадина Анапия сұбатқа қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар аймақтағы АИТВ-ның қазіргі жағдайын, тестілеуге қолжетімділікті және АИТВ орталығы мен Жастар денсаулық сақтау орталықтары көрсететін қызметтерді талқылады. Олар жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу және жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуына баса назар аударды.

Асель Балтабаеваның айтуынша, АИТВ және ЖЖБИ туралы халықты хабардар ету Орталық үшін басым бағыты және оның Жастар денсаулық сақтау орталықтарымен ынтымақтастығының маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар 10-қараша мен 10-желтоқсан аралығында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты тақырыппен өтетін науқанды да хабарлады. Шара барысында халық көп шоғырланатын орындарда өткізілетін акция, семинар, ашық есік күндерімен қатар түрлі спорттық ойындар мен сайыстар жүргізілетін болады

Соңында спикерлер өңір жастары мен тұрғындарын АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болуға, мәліметтерді тек сенімді көздерден алуға және үнемі тестілеуден өтуге шақырды.

 

барлық жаңалықтар »