Кәсібилікті тану: облыс әкімінің сыйлығы

 

Шілде 1, 2026

 Қарағанды облысында медицина қызметкерлері арасындағы жыл сайынғыбайқау қорытындыланды Қарағанды облысында медицина қызметкерлеріарасындағы жыл сайынғы байқау қорытындыланды. Оның нәтижесібойынша аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев денсаулық сақтаусаласының үздік мамандарын сыйлықтармен марапаттады.

 

«Үздік денсаулық сақтау ұйымдастырушысы» номинациясында облыстықАИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегіорталықтың директоры Бейбіт Сағымбаев жеңімпаз атанды. 1 миллион теңге көлеміндегі бұл сыйлық оның 15 жылдық еңбегі мен АИТВ инфекциясының алдын алу қызметінің алдына денсаулық сақтау саласықойған міндеттерді шешудегі жүйелі тәсіліне берілген лайықты бағаболды.

 

Осы жылдар ішінде оның басшылығымен орталық заманауи және жоғарытехнологиялық құралдармен жабдықталды, бұл эпидемиологиялық жағдайерекше назар аударуды талап ететін өңір үшін өте маңызды. Тиімдібасқарудың арқасында Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларындағыжұмыс бір арнаға тоғысып, бірыңғай жүйеге келтірілді, бұл жағдайдытолық бақылауда ұстауға мүмкіндік берді. Тұтас команданың іс-қимылынсауатты үйлестіре білу, міндеттерді дұрыс бөлу және қызметкерлердіңкүш-жігерін нәтижеге бағыттау арқасында сырқаттанушылықтың өсудинамикасы тұрақты деңгейде сақталып отыр.

 

Орталықта заманауи диагностикалық зертхана жұмыс істейді. Бұл қысқамерзімде жоғары дәлдікпен зерттеулер жүргізуге және емдеуді жеделтағайындауға мүмкіндік береді. Бейбіт Жамантайұлының тағы бірмаңызды шешімітексеру нәтижелерін онлайн режимде алу жүйесіненгізу бастамасы болды. Бұл жаңашылдық емделушілерді орталыққа екірет келу тауқыметінен босатып, диагностика процесін барынша ыңғайлыәрі құпия етті.

 

Қол жеткізілген нәтижелердің ауқымы цифрлармен де дәлелденеді: өңірдеАИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 90%-ы өз мәртебесін біледі, олардың93%-ы антиретровирустық терапиямен қамтылған, ал пациенттердің 93%-ында вирустық жүктеме төмендеген, бұлмедициналық көмектиімділігінің басты көрсеткіші. Тек өткен 2025 жылдың өзінде 350 000-ғажуық адам АИТВ-инфекциясына тексеруден өтті. АИТВ-ның вертикалдыберілу көрсеткіші нөлдік деңгейге дейін төмендеді.

 

Облыстық ЖИТС орталығы жұмысының табысты болуы көп жағдайдаБейбіт Жамантайұлының басқару стилімен байланысты. Оның бойындастратегтік талант пен тәлімгерлік адамгершілік қасиеттер үйлесім тапқан. Ол кәсіби мақсаттарға жетудегі принципшілдікті терең гуманизммен жәнеадамдарға деген жылы қарым-қатынаспен ұштастыра отырып, команданынәтижеге жігерлендірудің сирек қабілетіне ие. Дәл осы басқарушылықшеберліктің арқасында орталықнақты әрі жүйелі жұмыстың артындаәрдайым пациенттерге деген шынайы қамқорлық пен қолдау тұратынүлгілі ұйымға айналды.

 

Бейбіт Жамантайұлының өзі бұл марапат тек жеке жетістік қана емес, сонымен бірге әрбір қызметкердің қосқан үлесін тану екенін атап өтті. Мұндай жоғары нәтижелерге қол жеткізуге дәл осы бірлескен командалықжұмыс, ауызбіршілік пен ортақ іске деген адалдық мүмкіндік берді.

 

Облыс әкімі сыйлығының табысталуы Бейбіт ЖамантайұлыСағымбаевтың көпжылдық еңбегінің заңды қорытындысы болып, жұмыстағы табыстың заманауи технологиялар, жоғары кәсібилік жәнешынайы адамгершілік жанашырлықтың өзара әрекеттесуіненқұралатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

барлық жаңалықтар »