Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Шілде 1, 2026
Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігерінің міндетін атқарушы болып Рүстем Салькиұлы Молдағалитағайындалды.
2026 жылғы 1 шілдеде орталық ұжымына жаңа басшыны Ақмола облысыДенсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек таныстырды.
Рүстем Салькиұлы — жоғары санатты хирург дәрігері, бірінші санаттыдәрігер ұйымдастырушы, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығыбойынша медицина ғылымдарының кандидаты.
1977 жылғы 24 қазанда Ақмола облысының Макинск қаласында дүниегекелген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, ал 2003 жылы «Хирургия» мамандығы бойыншаинтернатураны тәмамдаған. 2005–2007 жылдары аталған оқу орнындаклиникалық ординатурадан өткен. 2023 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын аяқтаған.
Еңбек жолын 2003 жылы Көкшетау қалалық ауруханасында хирург дәрігеріболып бастаған. 2009-2014 жылдары ұйымдастырушылық-практикалыққызметпен айналысып, облыстың бас хирургы қызметінен бастап Денсаулықсақтау басқармасының бөлім басшысы лауазымына дейін еңбек етті, емдеу-профилактикалық қызметті, лицензиялау және дәрілік саясат мәселелерінүйлестірді. Ерейментау аудандық орталық ауруханасы мен Көкшетау жоғарымедициналық колледжін басқарған. Денсаулық сақтау саласындағы жалпыеңбек өтілі 23 жылдан асады.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек атап өткендей, Рүстем Салькиұлының практикалық, ғылыми және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте мол тәжірибесі бар.
Сонымен қатар, жаңа басшының алдына өңірдегі АИТВ-инфекциясыныңалдын алу, диагностикалау және емдеу бағытындағы стратегиялық маңыздыміндеттерді одан әрі іске асыру тапсырылды. Басым бағыттардың қатарындамедициналық ұйымның материалдық-техникалық базасын нығайту жәнехалыққа көрсетілетін білікті медициналық көмектің сапасын одан әріжетілдіру бар.
Кездесу соңында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жаңа басшығажұмысына табыс, қойылған мақсаттарға қол жеткізу және облыстұрғындарының денсаулығын нығайту жолындағы жемісті қызмет тіледі.
