V мультидисциплинарлық дерматовенерология академиясы

 

Қараша 3, 2025

30–31 қазан күндері Алматы қаласында Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы (ҚДИАҒО) Псориаздың дүниежүзілік күні аясында V мультидисциплинарлық дерматовенерология академиясын өткізді.

Қатысушылар үшін жетекші дерматовенерология саласының мамандарының қатысуымен презентациялар, ғылыми пікірталастар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Мысалы, жоғары санатты дерматовенеролог, медицина ғылымдарының кандидаты, «МУС» корпоративтік қоры жанындағы кафедра ассистенті, «ODDL» ҚБ (Павлодар) құрметті мүшесі В. Айтқұлова балалардағы псориазды диагностикалау мен емдеудің ерекшеліктері туралы баяндама жасады.

ҚДИАҒО-ның резидентура және қосымша білім беру бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, «ODDL» төрайымы, EADV мүшесі С. Оспанова псориазды емдеу стратегияларының эволюциясы туралы презентация ұсынды.

Академия бағдарламасында басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.

Қырғыз Республикасынан келген мамандар топикалық стероидтарды тоқтату синдромы және лазерлік терапияны қолдану арқылы онихомикозды емдеу тақырыптарында баяндама жасады.

Қазақстанның әр өңірінен келген дәрігерлер де өз тәжірибелерімен бөлісті.

Мультидисциплинарлық академияның қатысушылары күрделі клиникалық жағдайларды талқылап, тері ауруларын диагностикалаудың және емдеудің заманауи әдістерін қарастырды, сондай-ақ пациенттердің маршрутизациясын жақсарту бойынша практикалық ұсынымдармен алмасты.

Форумда ерекше қызығушылық тудырған сәт – ҚДИАҒО резиденттерінің баяндамалары болды. Он жас маман өздерінің ғылыми зерттеулерін ұсынып, тәжірибелі әріптестерінен зерттеулерін жетілдіру бойынша құнды кеңестер алды.

«Баяндамалар» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

1. Сатубалдина А.

2.Кириллова А.

3.Рахимова К.

«Постерлік баяндамалар» номинациясы бойынша:

1. Рахимова К., Сатубалдина А.

2.Тян А.

3. Ораш А.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Мұндай іс-шаралар дәрігерлер арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға, жас ғалымдарды қолдауға және дерматовенерология саласына инновациялық тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.

Академия тәжірибе алмасудың, бірыңғай ғылыми қоғамдастық қалыптастырудың және тері ауруларымен ауыратын пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсетудің стандарттарын ілгерілетудің маңызды алаңына айналды.

барлық жаңалықтар »