ҚДИАҒО тұрғынының ар-намыс кодексі

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚАЗАҚ ДЕРМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ  ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ

РЕЗИДЕНТІНІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ 

  1. ҚР ДСМ «ҚДИАҒО» ЩЖҚ  резиденті Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, ҚР ДСМ «ҚДИАҒО»  ЩЖҚ Жарғысын, ҚР ДСМ «ҚДИАҒО»  ЩЖҚ ішкі тәртіп ережелері мен басқа нормативтік актілерді орындауы қажет.
  2. ҚР ДСМ «ҚДИАҒО» ЩЖҚ резиденті Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, ұлттық мәдениетті, Қазақстанның тарихы мен мемлекеттігін білуі және құрметтеуі, институттың дәстүрлерін аялап сақтап дамыта беруі керек.
  3. ҚР ДСМ «ҚДИАҒО» ЩЖҚ резиденті ҚР ДСМ «ҚДИАҒО»  ЩЖҚ басқа резиденттерімен, оқытушыларымен және әкімшілігімен сөйлескен кезде сыпайылық, әдептілік танытуы керек. ҚР ДСМ «ҚДИАҒО»  ЩЖҚ резиденті кез-келген адамды оның шығу тегіне және ұлтына, әлеуметтік мәртебесіне, діни және дүниетанымдық сенімдеріне қарамастан сыйлауы тиіс.
  4. ҚР ДСМ «ҚДИАҒО» ЩЖҚ резиденті «ҚР ДСМ «ҚДИАҒО»  ЩЖҚ резидентінің ар-намыс кодексін» бұзғаны үшін жауапқа тартылуы тиіс. Тәртіп бұзушылық байқалған жағдайда резидентке төмендегідей тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады: ескерту жариялау; сөгіс жариялап резидентурадан шығаруға дейін бару.
  5. ҚР ДСМ «ҚДИАҒО» ЩЖҚ резиденті өзінің оқу міндеттерін қатаң сақтауы тиіс,  этикалық, академиялық және құқықтық тәртіп бұзушылыққа жол бермеуі тиіс, соның ішінде:
  • плагиат;
  • өтірік алдау;
  • шпаргалка қолдану, білімді бағалаудың әртүрлі формаларының барлық кезеңдерінде көшіру және сыбырлап айту;
  • жоғарырақ баға алу үшін туысқан немесе қызметтес таныстарын араға салу;
  • парақорлық;
  • оқытушыны алдау және оны сыйламау;
  • себепсіз сабақтан қалу немесе кешігу.
  1. ҚР ДСМ «ҚДИАҒО» ЩЖҚ резиденті ҚР ДСМ «ҚДИАҒО»  ЩЖҚ РМК мүліктерін қорғауға ат салысуы және оның аймағындағы вандализм оқиғаларына жол бермеуі тиіс.
  2. ҚР ДСМ «ҚДИАҒО» ЩЖҚ резиденті институттың кітапханалық-ақпараттық ресурстарын мәпелеп, оларға зиян келуіне жол бермеуі тиіс.
  3. ҚР ДСМ «ҚДИАҒО» ЩЖҚ резиденті таза жүруі керек, оның сыртқы келбеті этикалық нормаларға сәйкес болуы тиіс.
  4. ҚР ДСМ «ҚДИАҒО» ЩЖҚ резиденті салауатты өмір салтын ұстануы керек, өзінің мәдени, рухани және тән саулығының деңгейін жоғарылатуға ұмтылуы тиіс, институттың қоғамдық-мәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсене қатысуы тиіс.
  5. ҚР ДСМ «ҚДИАҒО» ЩЖҚ резиденті институт ішінде де, одан тыс та заңға қайшы әрекеттерге жол бермеуі тиіс.
  6. ҚР ДСМ «ҚДИАҒО» ЩЖҚ резиденті еліміздің тұрақтылығына нұқсан келтіретін ақпараттың таралуына жол бермеуі тиіс, рұқсат етілмеген жиналыстарға,  демонстрацияларға, митингтерге, ереуілдерге, акцияларға және шерулерге қатысуына болмайды.
  7. ҚР ДСМ «ҚДИАҒО» ЩЖҚ резиденті институттың мүддесіне қарсы келетін, ҚР ДСМ «ҚДИАҒО»  ЩЖҚ имиджі мен абыройына зиян келтіретін қандай да бір іс-әрекетке қатысудан бас тартуы тиіс.
  8. ҚР ДСМ «ҚДИАҒО» ЩЖҚ резиденті, Кодекс ережелерінің бұзылуын байқаған кезде оны өз күшімен алдын алуға тырысуы керек немесе бұл туралы өзін-өзі басқару органдарына (резиденттердің кәсіподақ комитеті) немесе әкімшілікке хабарлауы тиіс.