Елордалық «Нұрлы жол» вокзалы «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» кампаниясына қолдау білдірді

 

Қараша 24, 2025

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында 2024 жылғы 21 қарашада «Нұрлы жол» теміржол вокзалында қалалық АИТВ-жұқпасы орталығының мамандары Астана тұрғындары мен қонақтары үшін «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» атты ауқымды акция өткізді.

Жыл сайын 1 желтоқсанда бүкіл әлемде ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күн қоғамның АИТВ-ның таралуына қарсы тұру мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталған іс-қимылдарға шақыру ретінде қызмет етеді. АИТВ орталығының мамандары халықтың заманауи емдеу әдістері туралы хабардарлығын арттырудың маңыздылығын, олардың АИТВ-мәртебесін білудің маңыздылығын және уақтылы тестілеуді атап өтті.

«Стигма мен қорқыныш әлі де адамдарға тестілеуге жүгінуге кедергі келтіреді. Біздің міндетіміз - өз АИТВ статусын білу оңай, қауіпсіз және әркім үшін маңызды екенін көрсету. Өзінің ВИЧ-статусын білу адамға профилактикалық шараларды әрі қарай сақтауға, ал нәтижесі оң болған жағдайда ерте және тиімді емді бастауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті эпидемиолог дәрігер Айгүл Идрисова.

Акция аясында барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін және жасырын өтіп, қысқа мерзімде нәтиже ала алады, сондай-ақ АИТВ-инфекциясына байланысты мәселелер бойынша мамандардан кеңес ала алады. Тестілеуге қатысқан жолаушылардың бірі өз әсерлерімен бөлісті: «Мен іссапарға жиі барамын және әдетте мұндай тексерістер туралы ойламаймын. Бірақ мен дәл қазір, бір сәтте тест тапсыруға болатынын көргенде, мен осы мүмкіндікті пайдалануды шештім. Бұл бірнеше минутты алды, ал денсаулыққа деген сенімге - баға жетпес», - деді ер адам.

барлық жаңалықтар »