Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қараша 5, 2026
Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында мейіргерлердің кәсіби білімін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында төмендегідей өзекті тақырыптар қамтылды:
* «АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға мейіргерлік көмек көрсету және күтім жасау» – мейіргер З. Игисинова;
* «Мейіргерлік істе медициналық этика және деонтология» – аға мейіргер С. Ізбасарова;
* «АИТВ инфекциясы және онкология» – лаборант Э. Әсемқараева;
* «АИТВ және вирустық гепатиттер: жұғу жолдары» - мейіргер Қ.Наурызбай тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинар барысында АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға сапалы медициналық көмек көрсету, мейіргерлік күтімнің ерекшеліктері, медициналық этика талаптарын сақтау, сондай-ақ инфекциялардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай оқыту семинарлары медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға, білімін жетілдіруге және медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.