Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қараша 21, 2025
ЮНЭЙДС-тің «АИТВ-ге қарсы әрекетте: қиындықтардан — өзгерістерге» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында Алматы қаласының ЖИТС орталығының мамандары жастармен белсенді кездесулер өткізуде.
20 қараша күні «Денсаулық кілті» жастар денсаулық орталығында акция ұйымдастырылды. Іс-шараға 60-тан астам жас жігіт пен қыз қатысты.
Медициналық қызметкерлер АИТВ-нің жұғу жолдары мен қорғану шаралары туралы ақпарат берді. Талқылау барысында денсаулыққа қатысты түрлі тақырыптар қозғалды: салауатты өмір салтының артықшылықтары және жеке жауапкершілікті арттыру маңыздылығы.
АИТВ-ға тестілеу тақырыбы ерекше қызығушылық тудырды. Дәрігерлер АИТВ-ға тестті тіркелген емханаңызда немесе ЖИТС орталығында тегін әрі құпия түрде тапсыруға болатынын айтты. Қалағандар экспресс-тестілеуден өтіп, кеңес алып, өз АИТВ-статусын білді.
Қатысушыларға әсіресе қауіп төндіретін жағдайлар болғанда немесе өз денсаулығына сенімді болғысы келгенде, үнемі тексеріліп тұру қажеттілігі ескертілді. Мамандар ерте диагностиканың маңыздылығын атап өтіп, ол дер кезінде қажетті көмекті алып, өмір сапасын жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік беретінін түсіндірді. Сонымен қатар дәрігерлер АИТВ-инфекциясын емдеудің заманауи тәсілдері туралы айтып, антиретровирустық терапияның арқасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдар толыққанды және белсенді өмір сүре алатынын атап өтті.
Жастар үшін АИТВ туралы мифтерді жоққа шығаруға бағытталған интерактивті викториналар мен шағын тренингтер өткізілді. Мұндай форматтар ақпаратты жақсырақ меңгеруге және өзекті сұрақтарды ашық талқылауға мүмкіндік береді.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық кітапшалар таратылды.