Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қараша 20, 2025
Бұл ВИЧ-кеші тек қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы да болды. Евразиялық технологиялық университетінің студенттері АИТВ-тің алдын алу шараларын алғаш рет интерактивті форматта үйренді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары — ҚДСҰО, TeenergizerQZ халықаралық жастар қозғалысы және Алматы қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы. Олар жастарыға ресми лекция емес, еркін форматтағы, ашық және сенімді диалог арқылы нақты жауап берудің маңыздылығын көрсетті.
19 қараша күні қатысушылар пікір алмасты, ойын ойнады, сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар ұтып алды. Медициналық мамандар өткізген Kahoot ойыны арқылы студенттер білімдерін бекітіп, жеңімпаздар анықталды. Сонымен қатар, АИТВ-ке экспресс-тестілеу мен міндетті түрде кеңес беру жүргізілді.
Қатысушылар АИТВ-мен өмір сүріп жатқан Салават Қобжәлеловке алғысын білдірді. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, АИТВ-тің алдын алу жолдары туралы шынайы және маңызды ақпаратпен бөлісті.
Студенттер мұндай шаралар АИТВ туралы ақпараттануды арттырып, жастарды тест тапсыруға ынталандыратынын және АИТВ-пен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітуді азайтуға көмектесетінін атап өтті.
Көптеген жастар “тең-теңімен” форматындағы әңгімелесудің құндылығын ерекше атап өтті. Шынайы өмірлік оқиғаларды тыңдау, жеке сұрақтар қою және күрделі жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсіну жастарға сенімділік сыйлады. Бұл тәсіл АИТВ туралы мифтерді жоюға және дұрыс көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.