Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қараша 18, 2025
10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін елімізде "АИТВ-ға қарсы қиындықтардан - тиімді өзгерістерге" ақпараттық науқаны өтуде. Акция 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ұйымдастырылды және жұртшылықтың назарын АИТВ-инфекциясының алдын алу, емдеу және стигма мен кемсітушілікті төмендету мәселелеріне аударуға бағытталған.
Түркістан облысындағы науқан аясында арнайы оқу орындарының студенттері үшін " Өз таңдауыңды жаса!" акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты-жастар арасында АИТВ-инфекциясының таралуын азайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Кездесуге 300-ден астам белсенді жастар қатысты. Шара барысында олардың қызығушылығы мен сұрақтары жастардың бұл тақырыпқа бей-жай қарамайтындығын көрсетті. Түркістан облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Меруерт Атамбаева жастарға денсаулықтың құндылығы мен жеке жауапкершіліктің маңыздылығы туралы айтып берді:
- Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жастар кез-келген мәселеге жеке жауапкершілікпен қарауы керек. Кездесуде өз пікірлерін ашық айтқан студенттер осындай іс-шараларды одан әрі бірлесіп өткізу туралы ұсыныс білдірді. Бұл шара жастарға өз өміріне жауапкершілікпен қараудың және АИТВ-инфекциясынан қорғаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.