Маңғыстауда дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан бойынша баспасөз конференциясы өтті

 

Қараша 12, 2025

Маңғыстау облысында  1 желтоқсан – дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында  «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» ұранымен науқан  басталды.

Науқан аясында 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында облыс көлемінде түрлі ақпараттық, профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Негізгі мақсаты – АИТВ  індетіне қоғам назарын аударып, аурудың алдын алу, емделу және қолдау шараларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Ауқымды акция аясында Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясы өтті. Онда орталық мамандары өңірдегі індеттің таралу жағдайы, алдын алу шаралары және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек жайында кеңінен ақпарат берді. Журналистер де мамандарға сұрақтарын қойды.

Науқан  кезінде өңірдің барлық аудандары мен елді мекендерінде түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізіледі. Әскери бөлімдерде, ішкі істер органдарында, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, сауда орталықтары мен базарларда, вокзалдарда, жоғары оқу орындары мен мектептерде дәрістер, семинарлар, тренингтер ұйымдастырылады. Сондай-ақ халық арасында ақпараттық-білім материалдары таратылып, АИТВ инфекциясына жедел-тест тапсыру мүмкіндігі де жасалған.

Сонымен қатар, 5 желтоқсан күні облыстық кітапханада ауқымдв қорытынды іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Маңғыстау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы тұрғындарды өз денсаулығына бейжай қарамауға, уақытылы тексеріліп, қауіпсіз өмір салтын ұстануға шақырады.

барлық жаңалықтар »