Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Тамыз 25, 2026
Жыл басынан бері Көкшетау қаласында 800-ден астам адамның қатысуымен 11 алдын алу акциясы өткізілді. Қатысушылар арасында АИТВ-ға тегін әрі құпия түрде жедел тестілеуден өту мүмкіндігі ерекше қызығушылық тудырды. Бұл мүмкіндікті 210 адам пайдаланды.
Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы- Рүстем Молдағалидың айтуынша, акциялар негізінен адам көп жиналатын қоғамдық орындарда – саябақтарда, жағалауларда және сауда үйлерінде өткізіледі. Бұл бағытта орталығымыз Жастар денсаулық орталықтарымен және білім беру ұйымдарымен белсенді ынтымақтастық орнатқан.
«Мұндай акциялар тұрғындар арасында үлкен қызығушылық тудырады. Сондықтан біз, бұл тәжірибені алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті медициналық ұйымның басшысы.
Алдын алу жұмысы барысында мамандар тек кеңес беріп қана қоймай, АИТВ-ға жедел тестілеуден өтуді де ұсынады. Қолданылатын тест-жүйелер қысқа мерзім ішінде нәтиже алуға мүмкіндік береді және ұзақ уақыт күтуді қажет етпейді.
Орталықтың алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- Асель Балтабаеваның айтуынша, акциялар барысында төртінші буынның жедел тесттері қолданылады.
«Олар тек антиденелерді ғана емес, p24 антигенін де анықтау арқылы вирусты ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді маман.
Орталық мамандарының айтуынша, қазіргі таңда АИТВ негізінен жыныстық жолмен беріледі. Сондықтан жыныстық мінез-құлыққа жауапкершілікпен қарау өте маңызды. Медицина қызметкерлері ерте жыныстық қатынасқа түспеуге, отбасында және қарым-қатынаста адалдықты сақтауға, сондай-ақ жыныстық қатынастың кез-келген түрінде мүшеқап қолдануға кеңес береді.
