Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Тамыз 21, 2026
Түркістан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы басшысының орынбасары Даурен Қашаубайұлы Рыскелдиев Түркістан арнасының «Аймақ» бағдарламасына қонақ болып, өңірдегі АИТВ инфекциясының алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы айтып берді.
Сұхбат барысында облыстағы эпидемиологиялық ахуал, инфекцияның таралу жолдары, скрининг пен ерте тестілеудің маңызы сөз болды. Әсіресе шалғай елді мекендердегі тұрғындарды тексерумен қамту және экспресс-тестілеу арқылы инфекцияны ерте анықтау мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар АИТВ-мен өмір сүретін азаматтарды антиретровирустық препараттармен қамтамасыз ету, емнің қолжетімділігі және медициналық бақылау жайы талқыланды.
Бағдарламада АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу, жастар арасында қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, сондай-ақ медициналық құпияны сақтау мәселелері де көтерілді.
Сұхбат соңында маман тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы тест тапсыруға және АИТВ инфекциясының алдын алу шараларына мән беруге шақырды.
АИТВ-ны ерте анықтау – дер кезінде ем қабылдаудың маңызды қадамы.