Қарағанды облысы: ВИЧ-пен өмір сүретін адамдардың 96%-ында вирустың жүктемесі төмендетілген

 

Қараша 12, 2025

1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай, Қарағанды облыстық ЖИТС орталығы АИТВ-мен күрес саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін жариялайды. Бұл нәтижелер көпсалалы мамандардың үйлесімді жұмысы мен АИТВ-мен өмір сүретіндерді қолдайтын үкіметтік емес ұйымдармен серіктестіктің арқасында мүмкін болды.

Аймақтағы статистика көңіл қуантады: АИТВ- мен өмір сүретін адамдардың 92%-ы антиретровирустық терапия алады, ал ем алып жүргендердің 96%-ында вирустың жүктемесі төмендетілген. Жүкті әйелдердің 99,9%-ы ВИЧ бойынша тексеруден өткен. 15–49 жас аралығындағы халық арасында АИТВ таралуы 0,79%-ды құрайды, бұл көрсеткіш профилактикалық шаралардың тиімділігін растайды.

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні елдер мен қоғамдардың қол жеткізген жетістіктерін қорғауға және АИТВ-мен күрес шараларын жалғастыруға мүмкіндік береді. 2025 жылғы тақырып – «Қиындықтардан –АИТВ-ге қарсы трансформацияға».

– Қазақстан мемлекеттік қолдаумен АИТВ бағдарламаларын белсенді дамытып келеді. Бұл ВИЧ-пен өмір сүретін адамдарға қажетті ем-дом жүргізуге, тұрақты тексерулер ұйымдастыруға және профилактикалық шараларды кеңейтуге мүмкіндік береді, нәтижесінде инфекцияның таралуы айтарлықтай төмендеді., – деп атап өтті Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының директоры Бейбіт Сағымбаев.

– Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық та нығайып келеді, мемлекет профилактикалық бастамаларды тұрақты қолдаумен қамтамасыз етеді. Бұл АИТВға қарсы ұлттық жүйені нығайтуға маңызды қадам, – дейді «Сенім» қауымдастығының жетекшісі Айнұр Нупинова.

Дәстүрлі түрде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында жастар, азаматтық белсенділер мен еріктілер қатысатын ақпараттық науқандар ұйымдастырады.

Қарағанды облыстық ЖИТС орталығы студенттер арасында АИТВ –ның алдын алу және стигмаға жол бермеу тақырыбында бейне ролик жасау бойынша шығармашылық байқау жариялады; жоғары сынып оқушылары арасында волейболдан спорттық жарыстар өткізіледі, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен «ВИЧеринка» ұйымдастырылып, жастарға денсаулыққа жауапкершілік пен саналы қараудың маңыздылығы жеткізіледі.

Науқан аясында АИТВ туралы хабардарлықты арттыру мақсатында профилактикалық акциялар, лекциялар мен интерактивті кездесулер де жоспарланған.

барлық жаңалықтар »