Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қараша 11, 2025
10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін елімізде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты ақпараттық науқан өтуде.
Науқан 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ұйымдастырылып, қоғам назарын АИТВ инфекциясының алдын алу, емдеу және стигма мен кемсітушілікті жою мәселелеріне аударуды мақсат етеді.
Осы республикалық науқан аясында Атырау қаласындағы Н.Балғымбаев атындағы орталықта қаладағы арнаулы оқу орындарының студенттеріне арналған «Таңдау сенің қолыңда!» атты ақпараттық кездесу өтті.
Шараның мақсаты – жастар арасында АИТВ инфекциясының таралу қаупін азайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Кездесуге 300-ден астам белсенді жастар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Олардың қызығушылығы мен сұрақтары жастардың бұл тақырыпқа бейжай қарамайтынын көрсетті.
Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер-эпидемиологы Әсем Серікбаева жастарға денсаулықтың қадірі мен жеке жауапкершіліктің маңызы туралы кеңінен айтып өтті:
– Былтырмен салыстырғанда көрсеткіш төмендеген. Бұрын АИТВ көбіне ИЕТ арасында, яғни бір инені бірнеше адамның пайдалануынан тараса, соңғы жылдары жыныстық қатынас арқылы жұғу жағдайлары жиілеп отыр. Бұл жастардың жеке жауапкершілікке салғырт қарамауы керектігін көрсетеді.
Кездесудің әсерлі сәттерінің бірі – Атырау жоғары медициналық колледжі студенттерінің дайындаған «Салауатты өмір салты» атты флешмобы болды. Би арқылы олар қоғамға сергектік пен дұрыс өмір сүрудің маңызын жеткізді.
Бұл шара жастарға өз өміріне жауапкершілікпен қараудың және АИТВ инфекциясынан қорғанудың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.