Астанада журналистерге АИТВ тақырыбын қалай дұрыс жазу керегі түсіндірілді

 

Қазан 28, 2026

Астана қаласы әкімдігінің АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «Qazcontent» АҚ журналистеріне арнап семинар өткізді. Онда АИТВ-ның алдын алу және бұл тақырыпты БАҚ-та жауапкершілікпен жариялау мәселелері талқыланды.

Қатысушыларға АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алудың заманауи әдістері, ерте диагностика және дәрігерге уақтылы қаралудың маңызы жайлы айтылды.

Мамандар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қоғамның көзқарасын қалыптастырудағы БАҚ-тың рөліне ерекше тоқталды. Олар ақпараттың нақты әрі сенімді болуы, терминдерді дұрыс қолдану, құпиялықты сақтау және адамды кемсітетін, таңба басатын сөздерден аулақ болу қажеттігін атап өтті.

АИТВ тақырыбын жауапкершілікпен жазу халықтың хабардарлығын арттырып, қалыптасқан теріс түсініктерді азайтады әрі адамдарға АИТВ-статусына қарамастан құрметпен қарауға жол ашады.

 

барлық жаңалықтар »