АИТВ-ға тест нәтижесі оң болып шықты: әрі қарай не істеу керек?

 

Қазан 27, 2026

АИТВ-ға тест нәтижесі оң болған жағдайда қайда жүгіну, диагнозды қалай растау керектігі және мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетіні туралы Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының эпидемиологиялық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Гүлжахан Ахметова айтып береді.

???? Диагнозды растау және мамандардан кеңес алу үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығына жүгініңіз.

???? Мемлекет қолданыстағы мемлекеттік кепілдіктер шеңберінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қажет ретровирусқа қарсы терапиямен қамтамасыз етеді.

???? Өмір жалғасады. Тұрақты ем қабылдаған жағдайда АИТВ-мен өмір сүретін адамдар еңбек етіп, отбасын құрып, балалы бола алады.

Орталықтарда психологиялық және әлеуметтік қолдау да көрсетіледі.

❤️ АИТВ – үкім емес. Емді ерте бастау – денсаулықты сақтаудың және өмір сүру сапасын жақсартудың кепілі.

барлық жаңалықтар »