Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының ұжымы Республика күнін атап өтті

 

Қазан 22, 2026

Республика күніне орай Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының ұжымы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, еліміздің тарихына, ұлттық құндылықтары мен тәуелсіздігіне құрмет көрсетті.

 

 

Орталық директоры Роза Қуанышбекова қызметкерлерді және барша қазақстандықтарды ұлттық мерекемен құттықтап, зор денсаулық, бейбітшілік, амандық және еліміздің өркендеуін тіледі.

 

 

«Бұл мереке халқымыздың бірлігін, тәуелсіздігімізді және өркендеуге деген ұмтылысымызды білдіреді. Еліміз одан әрі өркендеп, халқымыздың денсаулығы нығайып, әл-ауқаты арта берсін!» – деп тілек білдірді Роза Қуанышбекова.

 

 

Республика күні құтты болсын!

барлық жаңалықтар »