Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қазан 19, 2026
Алматыда АИТВ-инфекциясын ерте диагностикалау, емдеудің қолжетімділігін қамтамасыз ету және АИТВ-инфекциясына қарсы күрес қызметін дамыту мәселелеріне арналған «АИТВ: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық конференциясы өтіп жатыр.
2026 жылдың тоғыз айында Қазақстанда АИТВ-инфекциясының 2 492 жағдайы анықталды. Пациенттердің 30%-ында CD4 жасушаларының деңгейі 200-ден төмен болған, бұл иммунитеттің айтарлықтай төмендегенін көрсетеді.
Бұл туралы Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Роза Қуанышбекова мәлімдеді. Оның айтуынша, диагнозының жария болып кетуінен және қоғам тарапынан айыпталудан қорқу адамдардың уақтылы тестілеуден өтуіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан алаңдаушылықты жеңуге және АИТВ-ға қатысты теріс түсініктерден арылуға көмектесетін психологиялық қолдау маңызды рөл атқарады.
«Бүгінде медицинаның мүмкіндіктері АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толыққанды әрі ұзақ өмір сүруге жағдай жасайды. Біздің міндетіміз – инфекцияны уақтылы анықтауды, тиімді емдеудің қолжетімділігін және сапалы медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз ету», – деп атап өтті Роза Қуанышбекова.
Балалар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу, соның ішінде ауруды уақтылы анықтау мен медициналық сүйемелдеудің маңыздылығы жеке тақырып ретінде қарастырылды.
Конференцияға Қазақстанның ЖИТС орталықтарының басшылары, Орталық Азия елдерінің мамандары, сондай-ақ ДДҰ, CDC және EPIC жобасын қоса алғанда, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Олар тәжірибе алмасып, АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық көмек көрсетудің заманауи тәсілдерін талқылауда.
Конференцияны Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы ұйымдастырды.