Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қазан 6, 2026
Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының эпидемиологиялық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Гүлжахан Ахметова жүктілік кезінде АИТВ-ға тестілеу туралы маңызды ақпаратпен бөліседі.
Жүктілік кезінде АИТВ-ға тестілеу – болашақ ана мен баланың денсаулығына қамқорлық жасаудың маңызды бөлігі. Алайда тек әйелдің ғана тексеруден өтуі жеткіліксіз – оның жыныстық серіктесінің де АИТВ-мәртебесін білу маңызды.
Жүкті әйелдің АИТВ-ға тест нәтижесі теріс болған күннің өзінде, серіктесінің мәртебесін ескеріп, уақтылы тексеруден өту маңызды.
Егер серіктестен АИТВ анықталса, заманауи емдеу вирусты бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Вирустық жүктеме анықталмайтын деңгейге жетіп, сол деңгейде сақталған жағдайда АИТВ-ның жыныстық жолмен берілу қаупі болмайды.
Егер жүкті әйелде АИТВ анықталмаса, ал оның серіктесі АИТВ-мен өмір сүрсе, дәрігер АИТВ жұқтыру қаупін төмендетуге көмектесетін қатынасқа дейінгі профилактиканы (ҚДП) қолдану мүмкіндігін қарастыруы мүмкін.
❤️ Тестілеу – бұл сенімсіздік емес. Бұл отбасының және болашақ баланың денсаулығына деген жауапкершілік.
???? Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы
Алдын алу • Диагностика • Емдеу