Алматыда АИТВ инфекциясының алдын алу саласындағы көшбасшыларды даярлау мектебі өз жұмысын бастады

 

Тамыз 14, 2026

Қазақстанның әр аймағынан келген 27 қатысушы білім алу, тәжірибе бөлісу, бір-бірімен танысу, маңызды мәселелерді талқылау және өз қауымдастықтарымен жұмыс істеуге қажет дағдыларды меңгеру үшін Алматыда бас қосты.

Бағдарламада көшбасшылық, қарым-қатынас, АИТВ инфекциясының алдын алу, топпен жұмыс істеу, тәжірибелік тапсырмалар, жаңа тәсілдер және еркін әңгімелесу қамтылған.

Біз үшін бұл мектептің жай ғана білім беретін орын емес, жаңа идеялар туындайтын, қатысушылардың өзіне деген сенімі артып, айналасына оң өзгеріс әкелуге деген ынтасы күшейетін орта болғаны маңызды.

Алда қатысушыларды білім мен тәжірибеге толы бірнеше күн күтіп тұр. Бұл — ауқымды жұмыстың бастамасы ғана екеніне сенімдіміз.

Мектеп ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қордың, ECOM ұйымының және «Community Friends» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

барлық жаңалықтар »