Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Тамыз 12, 2026
Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» және «Левски» командалары арасында футбол матчы өтті.
Келушілердің АИТВ инфекциясының алдын алу туралы ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында Түркістан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары стадион аумағында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мамандар азаматтарға АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары, оның жұғу ерекшеліктері, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы түсіндірді.
Сонымен қатар келушілерге өздерінің АИТВ мәртебесін анықтауға мүмкіндік берілді. Қалаған азаматтарға жедел тестілеу ұйымдастырылды. Мамандар уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығын түсіндіріп, қажетті кеңестер берді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар халықтың АИТВ инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін арттыруға, оның таралуының алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға жол ашады.